Қала әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 "Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 434 қаулысы

      Қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қала әкімдігінің "Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30-18 болып тіркелген), (әкімдіктің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 558 қаулысымен енгізілген өзгерістермен), келесідей өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшадағы Ережеге өзгерістер енгізілсін.

      2. "Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Д. Т. Шаяхметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;

      осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Рустам Ерболович Айткуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қала әкімі А. Кожанбаев

  Қала әкімдігінің
2026 жылғы " 3 " сәуірдегі
№ 434 қаулысына
қосымша

Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына енгізілетін өзгерістер

      1. 1 - тараудың 2 - тармағында:

      3) тармақшада:

      "шатырлары," сөзінен кейін "кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар)," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 9) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:

      "көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй - жайларының меншік иелері жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) - кондоминиум нысанын басқаруға қатысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары басқару органы";

      3. 10 - тармақпен толықтырылсын:

      "басқарушы компания - кондоминиум нысанын басқару туралы жасалған шарт немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй -жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум нысанын басқару бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;"

      4. 11 - тармақпен толықтырылсын:

      "пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) иелерінің кооперативі - кондоминиум нысанын басқару туралы жасалған шарт немесе көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй - жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум нысанын басқару бойынша қызмет көрсету үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй - жайлар иелері құрған коммерциялық емес ұйым";

      5. 2 - тарауда:

      5 - тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "Семей қаласының әкімдігі көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне қатысты жұмыстарды мүлік иелері бірлестігімен, пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) иелерінің кооперативімен немесе басқарушы компаниямен келісе отырып жүзеге асырады.";

      6. 6 - тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "Бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті мен шатырларының техникалық жағдайын, жұмыстардың көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) және олардың физикалық тозу дәрежесін анықтауды тексеруді ұйымдастырады".

      7. 7 - тармақ алынып тасталсын;

      8. 8 - тармақ алынып тасталсын;

      9. 3 - тараудың 11) тармағында:

      "құны" сөзінен кейін "реконструкциясы," сөзімен толықтырылсын.

      10. 3 - тараудың 12 - тармағында:

      "жұмыстар бойынша" деген сөздерден кейін "реконструкциясы" сөзімен толықтырылсын;

      11. 13 - тармақта:

      "жұмыстар бойынша" деген сөздерден кейін "реконструкциясы" сөзімен, "техникалық қадағалау" сөзінен кейін "(күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      12. 4 - тараудың 14 - тармағында:

      "іс шаралар бойынша" деген сөздерден кейін "реконструкциясы" сөзімен толықтырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады