ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жерге орналастыру", "Тозған жерлерді мелиорациялау", "Жайылымдарды суландыру" кәсіптік стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 10 қазандағы № 364 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жерге орналастыру" кәсіби стандарты" 1-қосымшасында:
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) ГАЖ – Географиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі – ГЦЖ);";
9-тармақта:
"3-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3-еңбек функциясы: Жерге орналастыру кезінде топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізу үшін бастапқы деректерді дайындау
|
1-дағды:
Жерге орналастырудың заманауи бағдарламалық қамтылуын (AutoCAD, ArcGIS және тағы басқа) пайдалану.
|
Машықтар:
|
1. Деректерді әртүрлі көздерден (кадастрлық, картографиялық, мұрағаттық және тағы басқа) алу, жүйелеу және талдау.
2. Геодеректерді өңдеу және визуализациялау үшін бағдарламалық құралдарды (ГЦЖ, АЖЖ) қолдану.
3. Техникалық құжаттаманы дайындау кезінде анықтамалық және нормативтік материалдарды пайдалану.
4. Цифрлық карталармен және кеңістіктік деректер базаларымен жұмыс істеу.
5. Жерге орналастыру жобаларын дайындауға арналған бастапқы материалдарды дайындау.
|
|
|
Білімдер:
|
1. Жерге орналастыру және геодезия саласындағы заңнамалық, нормативтік және әдістемелік құжаттар.
2. Техникалық құжаттаманы ресімдеу бойынша стандарттар, нұсқаулықтар мен қағидалар.
3. Картографиялық және геодезиялық терминология негіздері.
4. Геодезиялық аспаптар мен цифрлық өлшеу кешендерінің жұмыс істеу негіздері.
5. Геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік талаптары.
6. Жерге орналастыруда ГЦЖ, және АЖЖ жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттары мен қолдану ерекшеліктері.
|
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
";
13-тармақта:
"2-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2-еңбек функциясы:
Жер-кадастрлық картаға және жер-кадастрлық құжаттамаға графикалық сызба суреттерін салу, құжаттардың графикалық бөлігін ресімдеу
|
1-дағды:
Аэрофототүсіруді дешифрлеу және аудандарды есептеу.
|
Машықтар:
|
1. Жерге орналастыру мақсатында аэрофототүсіру материалдарына рельефті сызу.
2. Аудандарды есептеу және экспликацияларын жасау.
3. Жерлерді пайдалану түрлері мен жер алқаптары бойынша экспликацияларды жасау.
4. Жер пайдалану шекараларын бөлу үшін аэрофотосуреттерді дешифрлеуді орындау.
5. Кадастрлық графикада цифрлық карталар мен ортофотожоспарларды пайдалану.
6. Картографиялық материалдарды координаттық және жоспарлық байланыстыра отырып, салыстыру.
|
Білімдер:
1. Жұмыс объектісі, нәтижеге жету құралдары мен әдістері туралы негізгі білімдер, қарапайым типтік тапсырмаларды орындау кезінде қолданылады.
2. Аэрофотосуреттерді және цифрлық спутниктік бейнелерді дешифрлеудің негіздері.
3. Графикалық деректерді картографиялық негізге түсіру және ресімдеу қағидаттары.
4. Жер-кадастрлық құжаттамада карталар мен сызбаларды ресімдеу жөніндегі нормативтер.
5. Аудандарды қолмен және бағдарламалық құралдар көмегімен есептеу әдістемелері.
6. Жерге орналастыру міндеттеріне қолданылатын топография және картография негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
2-дағды:
ГЦЖ мен МАЖ-ды қолдана отырып, жерге орналастыру және кадастрлық құжаттамалардың графикалық бөлігін ресімдеу
|
Машықтар:
1. AutoCAD, MapInfo, ArcGIS бағдарламалық орталарда және басқа ГЦЖ/ГАЖ жүйелерінде жұмыс істеу.
2. Нормативтерге сәйкес цифрлық жоспарлар, схемалар мен карталарды жасау және редакциялау.
3. Графикалық объектілерді жер бетініңкоординаттық жүйесіне байланыстыру.
4. Жерге орналастыру жобаларына енгізу үшін қорытынды графикалық құжаттаманы қалыптастыру.
5. Графикалық материалдардың дәлдігі мен оқылуын қамтамасыз ету.
6. Жоспарлар құруда шартты белгілер мен масштабтар кітапханасын пайдалану.
|
|
Білімдер:
1. Жерге орналастыруда қолданылатын негізгі ГЦЖ /МАЖ бағдарламаларының функционалы мен интерфейсі.
2. Графикалық материалдарды ресімдеудің нормативтік-техникалық талаптары (МЕМСТ, нұсқаулықтар).
3. Жоспарлы-картографиялық деректерді векторлау, редкциялау және форматтау әдістері.
4. Кеңістіктік деректермен және геоақпараттық қабаттармен жұмыс негіздері.
5. Шартты белгілерді, масштабтарды және координаттық жүйелерді қолдану қағидалары.
6. Жобалық құжаттаманың графикалық бөлігінің бейнелеу және құрылым негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
";
"3-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3-еңбек функциясы:
Жобалау және іздестіру жұмыстары процесінде алынған деректер бойынша картографиялық және жоспарлы материалға топографиялық және геодезиялық белгілерді салу
|
1-дағды:
Жобалар мен карталардың орналасуы. Стандартты шартты белгілерді қолдану.
|
Машықтар:
|
1. Графикалық материалды ресімдеу.
2. Топографиялық және кадастрлық белгілерді қолдану.
3. Масштаб және бағдарлау қағидаларын пайдалану.
4. Карталарға ақпаратты дәл және ұқыпты енгізу.
5. ГЦЖ ортада цифрлық карталар мен жоспарлармен жұмыс істеу.
|
Білімдер:
1. Цифрлық технологиялар.
2. Топографиялық және кадастрлық карталарға шартты белгілерді енгізу қағидалары.
3. Картографияның, масштабтардың және проекциялардың негіздері.
4. Жоспарлы-картографиялық материалдарға қойылатын талаптар.
5. Кеңістіктік деректердің ерекшеліктері және оларды бейнелеу.
6. Жерге орналастыру карталары мен сызбаларын ресімдеу бойынша нормативтік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
";
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жайылымдарды суландыру" кәсіптік стандарты" 2-қосымшада:
12-тармақта:
"2-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2-еңбек функциясы:
Сумен жабдықтау, жайылымдық шаруашылықтың су бұру жүйелерінің негізгі құрылыстары бойынша жобалау құжаттамасын дайындау.
|
1-дағды:
Жайылымдық шаруашылықтың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері құрылыстарының құрамын іріктеу
|
Машықтар:
|
1. Құрылыстарды жобалау бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу.
2. Құрылыстардың жобалық шешімдерінің нұсқаларын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, құрылыс жобасын іске асырумен байланысты тәуекелдерді бағалау мақсатында талдау.
3. Құрылыстардың жобасы бойынша презентациялық материалдарды әзірлеу және ұсыну, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
4. Заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде құрылыстарды жобалау үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
5. Құрылыстардың қажетті көрсеткіштерін есептеу үшін кәсіптік компьютерлік бағдарламалық құралдарды қолдану.
6. Құрылыстарды жобалау үшін бастапқы деректерді анықтау.
7. Құрылыстар бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша отандық және шетелдік тәжірибені талдау және салыстыру.
8. Заманауи ғылыми және техникалық жабдықтар мен аспаптарды, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалану.
9. Объектілерді салу мен пайдалануда суды пайдаланудың технологиялық процестерін білу негізінде кәсіптік шешімдер қабылдау.
|
Білімдер:
1. Сумен жабдықтау, метрология бойынша нормативтік құжаттама.
2. Жобалау мен құрылыстағы нормативтік құжаттама.
3. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасы.
4. Жабдықтардың ведомостары мен ерекшеліктерін ресімдеу ережесі.
5. Құрылымдарды жобалауға қажетті кәсіптік компьютерлік бағдарламалық құралдар.
6. Құрылыстарды сынау әдістері.
7. Іргелес жүйелерге қойылатын техникалық талаптар.
8. Жобалық құжаттаманы және жұмыс құжаттамасын ресімдеу ережелері.
9. Құрылыстарды құрудың заманауи техникалық және технологиялық шешімдері.
10. Еңбекті қорғау талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
2-дағды:
Құрылыстар кешенін жобалау және жобалау құжаттамасын дайындау
|
Машықтар:
1. Құрылыстарды жобалау бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу.
2. Құрылыстардың жобалық шешімдері нұсқаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және талдау, осы құрылыстар бойынша жобаны іске асыруға байланысты тәуекелдерді бағалау.
3. Құрылыстардың жобасы бойынша презентациялық материалдарды әзірлеу және ұсыну, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
4. Құрылыстардың негізгі параметрлері бойынша есептеулер жүргізу.
5. Заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде құрылыстарды жобалау үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
6. Құрылыстарды жобалау үшін бастапқы деректерді анықтау.
7. Құрылыстарды жобалау кезінде заманауи ғылыми және техникалық жабдықтар мен аспаптарды, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалану.
|
|
Білімдер:
1. Сумен жабдықтау және су бұру, метрология жөніндегі нормативтік құжаттама.
2. Жобалау мен құрылыстағы нормативтік құжаттама.
3. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасы.
4. Құрылымдарды жобалауға қажетті кәсіптік компьютерлік бағдарламалық құралдар.
5. Құрылымдардың негізгі параметрлерін есептеу әдістері.
6. Құрылыстарды сынау әдістері.
7. Ғимараттардың заманауи жабдықтары мен технологиялық шешімдері.
8. Еңбекті қорғау талаптары.
9. Құрылыстарды жобалау үшін қажетті инженерлік есептеу әдістері.
|
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
";
"3-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3-еңбек функциясы:
Шалғайдағы жайылымдарды жетілдіру бойынша орналасу шешімдері мен арнайы есептеулерді орындау.
|
1-дағды:
Шалғайдағы жайылымдарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін есептеулерді орындау және жабдықтарды таңдау
|
Машықтар:
|
1. Құрылыстардың технологиялық және техникалық шешімдерін есептеу.
2. Құрылыстардың қажетті негізгі және қосалқы техникалық және технологиялық жабдықтарын анықтау.
3. Жобалау мәселелерін шешу үшін заманауи цифрлық технологияларды, оның ішінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
4. Құрылыстардың жобасы бойынша презентациялық материалдарды әзірлеу және ұсыну, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
|
|
Білімдер:
1. Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі нормативтік құжаттама.
2. Жобалау мен құрылыстағы нормативтік құжаттама.
3. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасы.
4. Жобаланатын құрылыстарға қойылатын техникалық және технологиялық талаптар.
5. Құрылымдарды жобалауға қажетті кәсіптік компьютерлік бағдарламалық құралдар.
6. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау әдістері.
7. Еңбекті қорғау талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
2-дағды:
Шалғайдағы жайылымдарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылыстарының орналасу шешімдерін орындау
|
Машықтар:
1. Құрылыстардың орналасу шешімдерін орындау.
2. Құрылыстардың қабылданған жобалық шешімдерін негіздеу.
3. Құрылыстарды сынау әдістемесін анықтау.
4. Құрылыстарды жобалау міндеттерін шешу үшін заманауи цифрлық технологияларды, оның ішінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
5. Құрылымдардың негізгі құрылымдық және көлемдік-жоспарлау параметрлерін таңдау.
|
|
Білімдер:
1. Гидротехникалық құрылыс бойынша нормативтік құжаттама.
2. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасы.
3. Құрылымдарды жобалауға қажетті кәсіптік компьютерлік бағдарламалық құралдар.
4. Құрылыстардың жобалық құжаттамасын және жұмыс құжаттамасын ресімдеу ережелері.
5. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық дамыту перспективалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
";
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тозған жерлерді мелиорациялау" кәсіптік стандарты" 3-қосымшасында:
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) ГАЖ – Географиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі – ГЦЖ);";
11-тармақта:
"БТБА, БА және басқа да үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
БТБА, БА және басқа да үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген).
2-параграф. Барлық атаудағы техниктер
|
";
13-тармақта:
"1-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1-еңбек функциясы:
Тозған жерлердің тиімділігін арттыру жөніндегі ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаны іске асыру шеңберінде зерттеу міндеттерін шешу
|
1-дағды:
Зерттеу міндеттерін шешу шеңберінде жекелеген тапсырмаларды орындау
|
Машықтар:
|
1. Тозған жерлерді қалпына келтіруге байланысты ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тапсырмаларын орындау.
2. Далалық және зертханалық зерттеулер әдістерін қолдану.
3. Зерттеу нәтижелерін есептер, кестелер және графиктер түрінде ресімдеу.
4. Тақырып бойынша нормативтік, анықтамалық және ғылыми материалдармен жұмыс істеу.
5. Деректерді талдау және өңдеу үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану.
6. Тозған жерлердің жағдайын мониторингтеу және қалпына келтіру шараларының тиімділігін бағалау.
7. Ғылыми жарияланымдар мен презентациялар даярлауға қатысу.
8. Зерттеулер жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау.
|
Білімдер:
1. Тозған жерлерді мелиорациялау және рекультивациялау негіздері.
2. Эксперименттік зерттеулер жүргізу әдістері.
3. Ғылыми және техникалық құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптар.
4. Қазақстан Республикасының жерді қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы заңнаманың базалық ережелері.
5. Тозған жерлерді қалпына келтірудің заманауи технологиялары және әдістері.
6. Деректерді статистикалық өңдеу және нәтижелерді интерпретациялау негіздері.
7. Зерттеулер жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздік қағидаттары.
8. Далалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Кәсіптік қоғамдастыққа ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді ұсыну
|
Машықтар:
1. Ғылыми баяндамалар мен презентациялар даярлау.
2. Конференцияларда, семинарларда және дөңгелек үстелдерде зерттеу нәтижелерін ұсыну.
3. Ғылыми мақалаларды салалық басылымдарда жариялау.
4. Ғылыми пікірталастарға қатысып, кәсіптік сұрақтарға жауап беру.
5. Ғылыми семинарлар мен вебинарларды ұйымдастыру және өткізу.
6. Ғылыми материалдарды әртүрлі аудиторияға, оның ішінде маман емес тыңдаушыларға бейімдеу.
|
Білімдер:
1. Ғылыми жарияланымдар мен баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар.
2. Ғылыми этика және дәйексөз келтіру негіздері.
3. Ғылыми ақпаратты түрлі аудиторияларға ұсыну форматтары.
4. Кәсіптік деңгейдегі шет тілін меңгеру.
5. Ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру қағидалары.
6. Ғылыми материалдарды дайындау және жариялаудың заманауи технологиялары.
7. Тиімді қарым-қатынас және ғылыми пікірталастар жүргізу әдістері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
3-дағды:
Жекелеген зерттеу міндеттерін шешуге бағытталған зерттеулер жүргізу
|
Машықтар:
1. Зерттеу мәселелерін шешу әдістері мен тәсілдерін талдау.
2. Зерттеу міндеттерін қалыптастыру.
3. Жүргізілудегі зерттеулер және (немесе) әзірлемелердің тақырыбы бойынша цифрлық, ғылыми, тәжірибелік-эксперименттік және аспаптық ресурстарды қолдану.
4. Зерттеу міндеттерін шешу барысында алынған нәтижелерді тқжырымдау.
5. Эксперименттер мен дала зерттеулерін жоспарлау және ұйымдастыру.
6. Қазіргі талдамалық және статистикалық әдістерді қолдану.
7. Алынған нәтижелердің сенімділігі мен сапасын бағалау.
|
Білімдер:
1. Жүргізілетін зерттеулер және (немесе) әзірлемелер тақырыбы бойынша зерттеу міндеттерін шешудің әдістері мен тәсілдері.
2. Жүргізілетін зерттеулер және (немесе) әзірлемелер тақырыбы бойынша зерттеу міндеттерін шешудің қалыптасқан практикалары.
3. Цифрлық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік-эксперименттік және аспаптық базаны пайдалану бойынша нормативтік және техникалық талаптар.
4. Ғылым мен техникада қолданылатын цифрлық және мультимедиялық технологиялар.
5. Эксперименттік деректерді статистикалық талдау мен өңдеудің заманауи әдістері.
6. Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және методология қағидаттары.
7. Ғылыми этика негіздері және зерттеулердің қайта қалпына келтірілу мүмкіндігіне қойылатын талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
";
"2-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2-еңбек функциясы:
Жер-су ресурстарын сауықтыруға бағытталған ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаларды іске асыру шеңберінде зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру
|
1-дағды:
Өзара байланысты зерттеу міндеттерінің кешенін шешу
|
Машықтар:
|
1. Зерттеу міндеттерін қалыптастыру және оны жүргізу процесін жоспарлау.
2. Зерттеу және (немесе) әзірлемелер тақырыбы бойынша цифрлық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік-эксперименттік және аспаптық базаны пайдалану.
3. Зерттеу тапсырмаларын талдау, синтез және оңтайландыру жүргізу.
4. Практикалық маңызы бар ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді анықтау.
5. Зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру және жобаның қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру.
6. Зерттеу кезеңдерінің сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз ету.
7. Зерттеу нәтижелері бойынша аралық және қорытынды есептерді рәсімдеу және ұсыну.
|
|
Білімдер:
1. Зерттеулерді және (немесе) әзірлемелерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістері мен құралдары.
2. Жүргізілетін зерттеулер және (немесе) әзірлемелер тақырыптары бойынша озық, бірегей әзірлемелер.
3. Жүргізілетін зерттеулер және (немесе) әзірлемелер тақырыптары бойынша цифрлық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік-эксперименттік және аспаптық база объектілерін пайдалануға қойылатын нормативтік және техникалық талаптар.
4. Ғылым мен техникада қолданылатын цифрлық және мультимедиялық технологиялар.
5. Жобаларды басқару негіздері және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.
6. Зияткерлік меншікті қорғау және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру қағидаттары.
7. Ғылыми және техникалық шешімдердің тиімділігін бағалау және енгізу әдістері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Зерттеу міндеттерін шешу үшін ғылыми ұжымды қалыптастыру.
|
Машықтар:
1. Зерттеу тапсырмаларына сәйкес орындаушылардың шығармашылық қабілеттерін тану.
2. Зерттеу міндеттерін нақтылау
. 3. Зерттеу жүргізу процесін жоспарлау.
5. Ғылыми ұжымдағы тиімді өзара әрекеттесу мен коммуникацияны ұйымдастыру.
6. Қызметкерлерді қойылған мақсаттарға жетуге ынталандыру.
7. Ұжым мүшелерінің жұмыс нәтижелерін бағалау және қажет болған жағдайда жоспарларды түзету.
|
Білімдер:
1. Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы еңбек заңнамасы.
2. Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау қағидалары және нормалары.
3. Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарына сәйкес ғылыми мамандық бойынша барлық деңгейдегі жоғары оқу орындарының түлектеріне қойылатын талаптар.
4. Ғылыми ұжымдарда кадрларды басқару және команда құру негіздері.
5. Қызметкерлердің біліктілігін және кәсіптік жарамдылығын бағалау әдістері.
6. Ғылыми қызметкерлерді ынталандыру және мотивациялау қағидаттары.
7. Ғылыми қызметтің этикалық нормалары мен стандарттары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды:
Ғылыми ұжымның құзыреттерін дамыту.
|
Машықтар:
1. Ғылыми ұжым мүшелерін оқыту және тәлімгерлік ұйымдастыру.
2. Қызметкерлердің біліктілік деңгейі мен әлеуетін бағалау.
3. Жеке және командалық құзыреттерді дамыту жоспарларын құру.
4. Ғылыми қызметкерлердің кәсіптік дағдыларын ынталандыру және дамыту.
5. Ішкі семинарлар, тренингтер және мастер-класстарды жоспарлау және өткізу.
6. Ұжымның оқыту және даму қажеттіліктерін талдау.
7. Ұжым ішінде білім мен тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.
|
Білімдер:
1. Кәсіптік даму мен құзыреттерді бағалау әдістері.
2. Ғылыми қызметте командаларды қалыптастыру тәсілдері.
3. Ғылыми-зерттеу ортадағы біліктілікті арттыру нысандары.
4. Қызметкерлерді басқару психологиясы және командалық жұмыс қағидаттары.
5. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен ересектерді оқыту әдістері.
6. Ұжымдағы тиімді коммуникация және кері байланыс техникасы.
7. Ғылыми ортада көшбасшылық пен кәсіптік өсуді дамыту тәжірибелері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
4-дағды:
Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді сараптау.
|
Машықтар:
1. Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелердің жаңалығын, өзектілігін және тәжірибелік маңыздылығын бағалау.
2. Ғылыми басылымдар, есептіліктер және техникалық құжаттамаларды сараптауды жүргізу.
3. Сараптаманың нәтижелері бойынша негізделген қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыру.
4. Нәтижелердің жобаның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін талдау.
5. Ғылыми нәтижелерді бағалау үшін заманауи цифрлық деректер базалары мен платформаларды пайдалану.
6. Ғылыми рецензиялар мен талқылауларды ұйымдастыру және өткізу.
7. Сараптама нәтижелері бойынша материалдарды нақтылау және жетілдіру үшін авторлармен өзара әрекеттесу.
|
Білімдер:
1. Ғылыми және техникалық нәтижелерді бағалау өлшемшарттары.
2. Ғылыми сараптаманы жүргізу әдістемелері.
3. Сараптамалық қорытындыларды ресімдеуге қойылатын талаптар.
4. Патенттік және ғылыми жаңалық негіздері.
5. Ғылыми сараптаманы жүргізудің халықаралық стандарттары мен тәжірибелері.
6. Ғылыми қызметтегі зияткерлік меншік және патенттеу негіздері.
7. Ғылыми қызмет пен сараптама этикалық нормалары мен стандарттары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
5-дағды:
Әлеуетті тұтынушыларға ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді ұсыну.
|
Машықтар:
1. Зияткерлік меншік нәтижелерін қолданудың және құқықтарды басқарудың түрлі тәжірибелік нұсқаларының артықшылықтарын бағалау.
2. Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді рецензияланатын ғылыми басылымдарда жариялау және ғылыми (ғылыми-тәжірибелік) шараларда баяндау.
3. Ғылыми (ғылыми-тәжірибелік) іс-шараларда ғылыми дискуссиялар өткізу.
4. Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелердің әлеуетті тұтынушыларын анықтау.
5. Әлеуетті тұтынушыларға арналған коммерциялық ұсыныстар мен презентациялық материалдарды дайындау.
6. Қызығушылық танытқан тараптармен кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу.
7. Кері байланысты бағалау және нәтижелерді ұсыну әдістерін түзету.
|
Білімдер:
1. Нақты тұтынушылар тарапынан зерттеу сұраныстары.
2. Зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтарды басқарудың негіздері.
3. Рецензияланатын ғылыми басылымдарға ғылыми жарияланымдарды дайындау талаптары.
4. Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді отандық және шетелдік деректер базаларында және есеп жүйелерінде ұсынуға қойылатын талаптар.
5. Ғылыми нәтижелердің маркетингі және ілгерілету әдістері.
6. Зияткерлік меншік құқықтарын беруге лицензиялау қағидалары және ерекшеліктері.
7. Ғылыми және бизнес қауымдастықтармен коммуникацияға арналған заманауи платформалар мен арналар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Үсынылмайды
|
";
"3-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3-еңбек функциясы:
Кең кәсіптік және қоғамдық өзара іс - қимылы бар жаңа және(немесе) перспективалы ғылыми бағыттар бойынша негізгі ғылыми (ғылыми-техникалық) мамандану шеңберінен шығатын зерттеулер және (немесе) әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру.
|
1-дағды:
Жетекші ғылыми ұжымдардың жаңа және (немесе) перспективалық ғылыми бағыттары бойынша алған ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді жалпылау
|
Машықтар:
|
1. Теориялық-әдістемелік талдау жүргізу.
2. Өзара байланысқан немесе бірінен екіншісі туындайтын құбылыстар мен процестерді талдау.
3. Зерттеу тапсырмаларын қою және оларды орындауға тартылған топтармен бірге зерттеу процесін жоспарлау.
4. Зерттеу мәселелерінің шешімдерін талдау, синтездеу және оңтайландыру.
5. Қоғам үшін ерекше маңызды зерттеу нәтижелерінің қасиеттерін анықтау.
6. Әртүрлі ғылыми ұжымдар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекетті үйлестіру.
7. Кең аудиторияға, қоғамдық және кәсіптік орталарды қосқанда айқындайтын есептерді және презентацияларды дайындау.
|
Білімдер:
1. Ғылыми зерттеулерді өткізу, ұйымдастыру, жоспарлау және (немесе) әзірлемелерді енгізудің жаңа әдістері, құралдары және тәжірибесі.
2. Жаңа және перспективалық ғылыми бағыттар бойынша соңғы жетістіктер.
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары.
4. Отандық және шетелдік жетекші зертханалар және (немесе) ғылыми жабдықтарды ұжымдық пайдалану орталықтары, жаңа және (немесе) перспективалық ғылыми бағыттар бойынша бірегей ғылыми жабдықтар.
5. Ғылыми зерттеулердегі пәнаралық өзара әрекет және кооперация әдістері.
6. Перспективалық ғылыми жобаларды мемлекеттік қолдау және қаржыландыру тетіктері.
7. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтағы құқықтық және этикалық аспектілер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Жаңа және (немесе) перспективалық ғылыми бағыттарды дамыту мақсатында ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды және (немесе) консорциумдарды қалыптастыру
|
Машықтар:
1. Жеке ғалымдар мен ұжымдардың ғылыми бағыттардың дамуына қосқан үлесін бағалау.
2. Зерттеу үдерісін тартылған орындаушы ұжымдармен үйлестіру.
3. Отандық және шетелдік ғылыми ұйымдармен стратегиялық өзара әрекет орнату.
4. Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін тиімді коммуникациялар әзірлеу және қолдау.
5. Бірлескен ғылыми іс-шаралар, конференциялар және семинарлар ұйымдастыру.
6. Серіктестік қатынастар мен консорциумдардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау.
|
Білімдер:
1. Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы еңбек заңнамасы.
2. Еңбекті ұйымдастыру, Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау қағидалары және нормалары.
3. Жаңа және (немесе) перспективалық ғылыми бағыттар бойынша жаңа жетістіктер.
4. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын зерттеушілер және (немесе) ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстар.
5. Қазақстан Республикасының зерттеулер мен әзірлемелер саласында жұмыс істейтін персоналдың біліктілігіне қойылатын талаптар.
6. Бірлескен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және басқару тетіктері.
7. Ғылыми қызметтегі ынтымақтастықтың халықаралық стандарттары және нормалары.
8. Ғылыми ұжымдарда дауларды шешу және келіссөздер әдістері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды:
Ғылыми бағдарламаларды (ғылыми-техникалық, инновациялық) сараптау
|
Машықтар:
1. Ұсынылатын бағдарламалардың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын бағалау.
2. Бағдарламалардың ғылым және технологиялардың дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкестігін талдау.
3. Бағдарламалардың тіуекелдерін, жетіспеушіліктерін және әлеуетті ресурстары.
4. Бағалау нәтижесі бойынша негізделген сараптамалық қорытындыларды әзірлеу.
5. Бағдарламаларды кешенді бағалау жүргізу кезінде сараптамалық топтардың жұмысын үйлестіру.
6. Бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін талдау және модельдеудің заманауи әдістерін қолдану.
|
Білімдер:
1. Мемлекет, бизнес және қоғам тарапынан зерттеушілік сұрау салулар.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық бағыттары.
3. Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық даму деңгейі.
4. Жаңа және (немесе) перспективті ғылыми бағыттар бойынша заманауи жетістіктер.
5. Ғылыми бағдарламаларды іске асыру тәуекелдері мен мүмкіндіктерін бағалау әдістері.
6. Ғылыми-техникалық және инновациялық жобалардың сараптамасының ұлттық және халықаралық стандарттары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
4-дағды:
Жаңа және (немесе) перспективті ғылыми бағыттарды дамыту нәтижесінде ғылымда, әлеуметтік-экономикалық жүйеде, қоғамда болуы мүмкін өзгерістерді жаппай насихаттау
|
Машықтар:
1. Зерттеу нәтижелерінің қоғам үшін ерекше маңызды қасиеттерін бөліп көрсету.
2. Жетекші рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланымдар нысанында ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді ұсыну.
3. Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді ғылыми-танымал нысанда және ғылыми (ғылыми-тәжірибелік) іс-шараларда ұсыну.
4. Ақпаратты жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде беру.
5. Ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердің әлеуетті тұтынушыларын анықтау.
6. Ғылыми жетістіктерді кеңінен тарату мақсатында заманауи медиа және цифрлық технологияларды қолдану.
7. Ғылымның перспективалық бағыттары бойынша жария дәрістерді, семинарларды және пікірталастарды ұйымдастыру.
|
Білімдер:
1. Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі өзекті әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік мәдени проблемалар.
2. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқықтарды басқару негіздері.
3. Рецензияланатын ғылыми басылымдардағы ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптар.
4. Отандық және шетелдік деркқорлар мен есепке алу жүйелерінде ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелерді ұсынуға қойылатын талаптар.
5. Ғылыми саладағы коммуникациялар мен қоғамдық сөз сөйлеудің заманауи әдістері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
5-дағды:
Болашақ кәсіптердің бейнесін қалыптастыру және ғылымның мен технологиялардың жаңа бағыттарын дамыту үшін қажетті мамандардың кәсіптілігіне қойылатын талаптарды қалыптастыру
|
Машықтар:
1. Ақпаратты жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде беру.
2. Ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Жоғары санатты ғылыми кадрлардың кәсіптік дамуын бағалау.
4. Ғылыми (ғылыми-техникалық) нәтижелерді ғылыми –көпшілік нысанда ұсыну.
5. Жаңа ғылыми бағыттардың талаптарын ескере отырып, білім бағдарламаларын қалыптастыру және бейімдеу.
6. Еңбек нарығының даму үрдісін талдау және біліктіліктегі қажеттіліктерді болжау.
7. Ғылымды және кәсіптік бағыттарды танымал ету мақсатында қазіргі заманғы коммуникация әдістерін пайдалану.
|
Білімдер:
1. Ұжымдық жұмысты ұйымдастыру негіздері.
2. Жаңа және (немесе) перспективалық ғылым бағыттары бойынша жаңа жетістіктер.
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттары..
4. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық даму деңгейі.
5. Ғылыми зерттеулерді және (немесе) әзірлемелерді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу мен енгізудің жаңа әдістері, құралдары және тәжірибесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
";
14-тармақта:
"1-еңбек функциясы:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1-еңбек функциясы:
Суару-дренаж жүйесінің гидромелиоративтік құрылысжайларына қызмет көрсету
|
1-дағды:
Гидромелиорациялық құрылысжайларды реттеу жөніндегі жұмыстарды орындау
|
Машықтар:
|
1. Су өткізу құрылысжайларының құрылғыларын реттеу.
2. Су тарту тораптары элементтерінің стандартты техникалық есептерін орындау.
3. Суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін тексеру.
4. Гидромелиоративтік жүйелердің, гидротехникалық құрылысжайларының, ашық және жабық жүйелердің техникалық жай-күйін бақылау.
5. Суару және дренаж жүйесінің техникалық құжаттарын пайдалану.
|
Білімдер:
1. Су өткізу құрылыстарындағы реттеу құрылғыларының жұмыс қағидаттары.
2. Реттеу параметрлері және олардың рұқсат етілген мәндері.
3. Әртүрлі техникалық есептеу әдістері.
4. Техникалық сипаттамалар мен басқа техникалық құжаттамаларды дайындау қағидалары.
5. Гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылысжайларды техникалық пайдалану саласындағы нормативтік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
2-дағды:
Қарапайым техникалық құжаттама мен сызбаларды әзірлеу және ресімдеу.
|
Машықтар:
1. Техникалық құжаттамалар мен сызбалар жасауға арналған компьютерлік бағдарламаларды пайдалану.
2. Алынған нәтижелерді өңдеу және бағалау.
3. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру.
4. АЖЖ (AutoCAD, MapInfo және т.б.) қолдана отырып есептеу және графикалық жұмыстарды орындау.
5. Мелиоративтік және іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша схемалар, жоспарлар мен карталар жасау.
6. Жобалық құжаттаманы талдау және сәйкессіздіктерді анықтау.
7. Техникалық құжаттама мен сызбалар архивін жүргізу.
8. Цифрлық деректер базалары және геоцифрлық жүйелермен (ГЦЖ) жұмыс істеу.
|
|
Білімдер:
1. Құжаттаманы дайындауға арналған негізгі қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу.
2. Құрал-жабдықтардың тағайындалуы, құрылымы, жұмыс қағидаттары және қолдану қағидалары.
3. Өлшеу аспаптарынан алынған мәліметтерді өңдеу әдістері мен тәсілдері.
4. Жобалық-сметалық құжаттаманың технологиялық талаптары мен стандарттары.
5. ГЦЖ және автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалану негіздері.
6. Техникалық құжаттаманы ресімдеу стандарттары мен нормалары (ҚҚБЖ, ҚАЖҚЖ және т.б.).
7. Мелиоративтік нысандарды жобалау кезінде инженерлік есептеулердің орындалу тәртібі.
8. Инженерлік жобалау жұмыстары кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Талап етілмейді
|
".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
|
А. Сапаров
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі