"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 42)–43) тармақшаларына және 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бірлескен бұйрықтың Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағында көрсетілген Комитет төрағаларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Кодекстің 8-бабын, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 42) –43) тармақшаларын және 7-2-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
3. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесінен Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы жүзеге асырылады.
4. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы мемлекеттік кірістер органдарының Мәліметтерді ұсынуы үшін негіз болып табылады.
5. Мәліметтер Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы нақты уақыт режимінде немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі сұрау салуды өңдеуіне қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша ұсынылады.
Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтер тізбесі
1-бөлім. ДЗ мен МБ қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі: | |||
1 | Тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні | ||
2 | Жөнелтуші/Экспорттаушы | ||
3 | Алушы (жүк алушының (сатып алушының) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе)) | ||
4 | Шығарылған елі | ||
5 | Межелі ел | ||
6 | 31-бағанда "Тауардың сипаттамасы" | ||
6.1 | ДЗ дозасын, шығарылу түрін, буып-түюін немесе орындалу нұсқасын, МБ типтік мөлшерін көрсете отырып тауардың атауы | ||
6.2 | Өндіруші, өндіруші ел | ||
6.3 | Серия нөмірі (Сериялық нөмір) | ||
6.4 | МБ арналған артикул нөмірі (егер қолданылса) | ||
6.5 | Партия саны (қаптамалар саны) | ||
6.6 | Өлшем бірлігі (қаптама, дана, құты және т.б.) | ||
7 | 44-бағанда "Қосымша ақпарат" | ||
7.1 | 10051 коды – ДЗ немесе МБ тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының ДЗ мен МБ мемлекеттік тізіліміне немесе ЕАЭО бірыңғай тізіліміне сәйкес ДЗ немесе МБ тіркеу куәлігінің нөмірі) | ||
7.2 | 04021 коды – Шот-фактура (инвойс нөмірі мен күні) | ||
7.3 | 06016 коды – Тауардың шығарылған жері туралы декларация (тауардың шығарылған жері туралы ұсынылған сертификаттың нөмірі мен күні) | ||
2-бөлім. Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті инвойстардан/шот-фактуралардан алынған мәліметтер тізбесі: | |||
1 | Нөмірі және күні | ||
2 | Толық ақпараты бар өнім берушінің атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе) | ||
3 | Толық ақпараты бар сатып алушының атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе) | ||
4 | Өткізу жүргізілген шарттың күні мен нөмірі | ||
5 | Инкотермске сәйкес жеткізу шарты | ||
6 | Есеп айырысу валютасы | ||
7 | Тауардың толық атауын, сериясын, өлшем бірлігін, санын (көлемін), бір өлшем бірлігінің құнын, берілген жеңілдік мөлшерін, берілген жеңілдік сомасын, осы тауардың атауы бойынша жалпы соманы көрсететін кесте | ||
3-бөлім. Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын камералды бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті Импорт-40 ТД-дан мәліметтердің тізбесі: | |||
1 | Нөмірі және күні | ||
2 | Толық ақпараты бар өнім берушінің атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе) | ||
3 | Толық ақпараты бар сатып алушының атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе) | ||
4 | Инкотермске сәйкес жеткізу шарты | ||
5 | Есеп айырысу валютасы | ||
6 | Тауарлардың атаулары бойынша жүк орындарының сипаттамасы | ||
7 | Тауардың бағасы | ||
8 | Төлемдер бойынша олардың коды, сомасы, ерекшелігі көрсетілген ақпарат | ||
9 | 31-бағанға сәйкес тауардың әрбір түріне тауардың атауы, дозасы, шығарылу түрі, ДЗ буып-түюі, өндірушісі, сериялық нөмірі, өлшем бірлігіндегі жалпы саны (жеткізу көлемі) көрсетілген тауардың сипаттамасы | ||
10 | 44-бағанға сәйкес ДЗ тіркеу туралы мәліметтерді (тіркеу куәлігінің нөмірі) (10051 коды), шарттардың, қосымша келісімдердің нөмірі мен күнін (03012 коды), әкелу жүргізілген инвойстың нөмірі мен күнін (04021 коды) көрсете отырып қосымша ақпарат. | ||
Ескертпе:
* PDF бастапқы құжаттар форматында (инвойс/шот-фактура, Импорт-40 ТД), жүктеп ауға сілтемемен, әкелу жүргізілген, ерекшеліктері бар келісімшартты (қосымшаларымен бірге шарттар) қарау мүмкіндігі.
Аббревиатуралардың ашып жазу:
ДЗ – дәрілік заттар;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
МБ – медициналық бұйым
ТД – тауарларға арналған декларация.
