Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) тармақшасына, 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 01.08.2023 жылғы № 211 бұйрығының 2-тарауы, сондай-ақ тиісті аумақтар халқының пікірін ескере отырып, тұрақты комиссияларда көпшілік тыңдаулар өткізу қорытындылары бойынша 2026 жылғы 17 наурыздағы хаттама негізінде, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Алатау қаласының мынадай құрамдас бөліктеріне атау беру жөнінде ұсыныс енгізілсін:
- "Қоянқұс" шағын ауданында:
Әлібаев Жұмағали көшесіндегі атауы жоқ көшеге
- "Жаңадәуір" шағын ауданында:
Сариев Әлімбай көшесіндегі атауы жоқ көшеге
2. Бірлескен мәслихаттың шешімі мен Алатау қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.С. Несіпбаеваға жүктелсін.
| Алатау қаласы мәслихатының төрағасы | _____________ Р. Абилова |
| Алатау қаласының әкімі | ___________ А. Өтенов |