Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Ават ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ават ауылының солтүстіктен оңтүстікке қарай төртінші көшесі –Мансуров Насир көшесі, деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ават ауылдық округінің әкімі | Г.Кадиров |
