Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 11 қазандағы № 8-10-52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041-05 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мерекелік күндер мен атаулы күндері үшін әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6, 8 баптарында көрсетілген мәртебесі бар бар азаматтардың келесі санаттарына біржолғы ақша төлемдері түрінде көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш";
2) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-бабымен белгіленген, осы Заңның күші қолданылатын адамдардың басқа санаттары ардагерлер болып танылады.
- Ауған ұрыс қимылдарына қатысқандар – 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
- 1986-1991 жылдар аралығында Таулы Карабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер - 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
- 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығында кезеңде Тәжікстан -Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының шеқарасын күшейтуге қатысқан әскери қызметшілер - 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
- 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде , сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет өтушілері - 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
3) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға бір рет – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына бір рет – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына бір рет – 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір рет – 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет – 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
- Ауғанстанда ұрыс қимылдарына жүргізілген кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскері қызметшілердің отбасылары – 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш;
6) Бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"9. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізімі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, әлеуметтік көмекке белгілі бір мұқтаж азаматтардың жүгіну мерзімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдары (ЖАО) тарапынан белгіленеді және жергілікті өкілдік органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ескере отырып келесі негіздер бойынша көрсетіледі:
1) Табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның жылжымайтын мүлкіне залал келтіруіне байланысты әлеуметтік көмек
2) Өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның жылжымайтын мүлкіне залал келтіруіне байланысты әлейметтік көмек жылжымайтын мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, жан басына шаққандағы орташа табысы шегінен аспайтын, ең төменгі күнкөріс деңгейіне екі еселенген мөлшерді (растайтын құжат болған жағдайда) ескере отырып, бір мезгілде – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Әлеуметтік көмек өрт немесе төтенше жағдай болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан жылжымайтын мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде келесі негіздер бойынша көрсетіледі:
әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуідеп танылған азаматтарға (отбасыларға):
1) туберкулез түріндегі әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Диспансерлік есепте тұрған АИТВ балаларының ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне немесе адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін Денсаулық сақтау ұйымдары ЖСН, ТАӘ, төлем мерзімі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық сыныптамасының кодтарына сәйкес электрондық түрде ұсынады.".
2. "Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ұйғыр аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұйғыр аудандық мәслихаты төрағасының м.а. | С. Ермухаметова |
