Қарасай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 8 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарасай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Естенов

  Қарасай ауданы әкімінің 2026 жылғы "_____" шілде № _____ "Қарасай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне қосымша

Қарасай ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы "Қарасай ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" №1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №2 шешімі.

      2. "Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы "Қарасай ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарасай ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы №1 шешімі.

      3. "Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы "Қарасай ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" №1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарасай ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 3 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады