Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қарасай ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" Қарасай ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6228-05 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы мынадай сайлау учаскесімен толықтырылсын:
№ 1064 сайлау учаскесі (жабық).
Сайлау учаскесінің орталығы: Қошмамбет ауылы, 636 есептік квартал, 1051 құрылыс "Алматы облысы полиция департаментінің Алатау қаласы полициця бөлімінің әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
2. "Қарасай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Естенов |
