"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 764 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 617 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      15-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;";

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

      9) құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметі, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқамаларды, тауардың шыққан жерінің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) дыбыс-бейнежазу туындысын немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді дайындаушы немесе импорттаушы тұлғалар төлейтін сыйақыны жинау, бөлу және төлеуге бақылауды жүзеге асыру;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) өз орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) өз орынбасарларының, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша біліктілік талаптарын, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитет Регламентін айқындайды және бекітеді;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін нұсқаулар береді;

      7) Комитеттің әкішілік мемлекеттік қызметшісі жасаған тәртіптік теріс қылық туралы мәліметтерді Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды;

      8) Комитет қызметкерлеріне демалыс беру, іссапарға жіберу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

      9) Комитет қызметкерлерін көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйыақы беру мәселелері бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қызметтік жазбалар жолдайды;

      10) Комитет қызметкерлерін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

      11) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      12) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында Комитет атынан өкілдік етеді;

      13) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      14) Комитеттің атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады;

      15) заңнамаға сәйкес Комитеттің атынан заңды және жеке тұлғаларға талап-шағымдар мен талап қоюларды ұсыну туралы шешімдер қабылдайды;

      16) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      17) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      18) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      19) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысының лауазымдық міндеттерін, өкілеттіктерін және лауазымдық нұсқаулығын айқындайды және бекітеді;

      20) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысын тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

      21) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысына демалыс беру және іссапарға жіберу мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

      22) өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының тәртіптік комиссиясы мен кадр мәселелері жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      23) өз құзыреті шегінде Комитеттің кадр мәселелері жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      24) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысын аттестаттауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      25) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысының ұсынуы бойынша ведомстволық бағынысты ұйым басшысының орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды келіседі;

      26) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын, оған енгізілетін нақтылауларды, оның орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ жылдық қаржылық есептілігін қарайды, келіседі және бекітеді;

      27) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

      28) Министрліктің Аппарат басшысымен келісу бойынша жыл сайын Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерінің еңбекақы төлеу қорын, лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, сондай-ақ сыйлықақы беру және өзге де көтермелеу жүйесін белгілейді;

      29) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Министрліктің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е. Сәрсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады