Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 02 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес, Бестау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданы Бестау ауылдық округі Бестау ауылындағы атауы жоқ көшеге "Атағұл Сеилов" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бестау ауылдық округінің әкімі Ө. Ищанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады