Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 630-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17560 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. СҮЙІНТАЕВА |
