"Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 468 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылаудың бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі – ӘПК), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі – (К)ПД, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдарының (бұдан әрі – (К)ҚАПО) АҚҚАБ бөліністері құрайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде АҚҚАБ қызметкерлері ІІМ-нің және басқа да мемлекеттік органдардың мынадай цифрлық жүйелерін пайдаланады:

      Қазақстан Республикасы ІІМ біріктірілген деректер банкі (бұдан әрі – ІІМ БДБ);

      Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ қашықтықтан қол жеткізу кіші жүйесі (Web-интерфейс);

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесі (ҚАО ААЖ);

      талдау орталығы ҚСжАЕК;

      әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (ӘІБТ);

      мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП);

      "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ);

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – "ЖТ" МДБ);

      "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы ("ЗТ" МДБ);

      "цифрлық үкімет" порталы (ЦҮП);

      тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі (ТСОБТ);

      "Бұлтты құжат айналымы" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – БҚА ЦЖ).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. АҚҚАБ қызметкерлері осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген цифрлық жүйелерге қолжетімді қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютерлік техникамен, принтермен, сканермен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етіледі.";

      18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ІІМ Алқаларының, жедел кеңестерінің шешімдерін, ІІМ нұсқауларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, ұрланған және жоғалған азаматтық және қызметтік қару жөніндегі іздестіру іс-шараларын жүргізуге қатысу, мекенжайы анықталмаған азаматтық қару иелерін анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы рұқсат беру құжаттарын берудің заңдылығы, ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін қалыптастыру және жүргізу, "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ қалыптастыру, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша ПД, (К)ПД және (К)ҚАПО АҚҚАБ бөліністерінің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. АҚҚАББ өз құзыреті шегінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналған қызметтік қаруды және оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді.

      АҚҚАББ заңды тұлғаларға лицензия және қорытынды алу үшін өтінішті келіседі немесе келісуден бас тартады:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өнімнің (азаматтық пиротехникалық заттардың және олар қолданылып жасалған бұйымдардың) экспорты мен импортына лицензия алу үшін;

      азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын (аң аулау мақсатында келетін шетел азаматтары мен спорттық іс-шараларға қатысуға арналған спорттық қаруды қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін.

      Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың барлық түрлеріне, қорытынды және лицензиясын келісуге ІІМ ӘПК төрағасы және оның орынбасарлары қол қояды.";

      22-тармақтың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін құрастырады.

      Азаматтық, қызметтік және марапаттық қаруды ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне енгізуді, түзетулер мен шығаруды жүзеге асырады.

      Енгізілген рұқсаттардың толық қамтамасыз ету үшін ІІМ БДБ және "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ "Тіркелген қару" жазбаларын ай сайын салыстыру жүргізіледі;

      5) мына мәселелер бойынша АҚҚАБ (К)ҚАПБ бөліністерінің қызметін ведомстволық бақылауды жүзеге асырады:

      ІІМ Алқасының, жедел кеңестерінің шешімдерін, ІІМ, ПД, (К)ПД нұсқауларын орындау;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

      ұрланған және жоғалған азаматтық және қызметтік қару жөніндегі іздестіру іс-шараларын жүргізуге қатысу;

      мекенжайы анықталмаған азаматтық қару иелерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

      бөліністердің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы рұқсат беру құжаттарын беруінің заңдылығы;

      ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін жеке және заңды тұлғалардың қалыптастыру (есепке алу);

      ІІМ БДБ Web-интерфейс "Инициативтік сәйкестіктерді пысықтау" модуліне мониторинг жүргізу;

      ІІМ БДБ "Тіркелген қару";

      "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ қалыптастыру;

      азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехниканың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. (К)ПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шегінде береді:

      1) лицензиялар:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға.

      Заңды тұлғаларға лицензия беруге өтініштерді қарау барысында өтініш және барлық қолда бар материалдар "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ арқылы ІІМ ӘПК-ке келісу үшін жіберіледі;

      2) мыналарға:

      аңшылық шаруашылық ұйымдарының шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау мақсатында келетін шетел азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген тәртіпте сатып алынған қаруды;

      жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін үшінші елдерден сатып алған азаматтық және қызметтік қаруын;

      жеке тұлғалардың немесе спорттық ұйымдардың спорттық іс-шараларға қатысуы үшін спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын;

      тұрақты тұру үшін шығатын жеке тұлғалардың азаматтық қарудың бір данасын;

      тұрақты тұру үшін келетін жеке тұлғалардың азаматтық қарудың бір данасын;

      жеке және заңды тұлғалардың көрмеге қатысуы үшін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын;

      жеке тұлғалар үшін азаматтық қару мен оның патрондарының бір данасын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Респубикасынан әкетуге;

      жеке тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарының бір данасын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеуге қорытындылар береді;

      заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың сәйкестігін растау (сертификаттау немесе сәйкестігін декларациялау) мақсатында сынақ жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар береді.

      Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (аң аулау мақсатында келетін шетел азаматтары мен спорттық іс-шараларға қатысуға арналған спорттық қаруды қоспағанда) беруге өтініштерді қарау барысында өтініш және қолда бар барлық материалдар ІІМ ӘПК-ке "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ арқылы келісу үшін жіберіледі;

      3) мыналарға:

      жеке және заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды қоспағанда, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға;

      атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар береді.

      Барлық рұқсаттар "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына сәйкес нысаны бойынша беріледі (бұдан әрі - № 133 бұйрық).";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Азаматтық және қызметтік қаруды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметті жүзеге асыруға, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияларға, азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарға, туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ІІО-да тіркелген шетел азаматтарына азаматтық қаруды, азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде беріледі оны сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкететін жағдайда азаматтық қаруды сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ІІО-да тіркелген шетел азаматтарына азаматтық қаруды азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде сатып алуға, сақтауға және алып жүруге және тасымалдауға рұқсаттарға ПД бастықтары және олардың АҚҚАБ бөліністеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.

      Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың қалған түрлеріне ПД ҚҚБ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      26. Көліктегі ПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шеңберінде заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды қоспағанда, қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген рұқсаттарды АҚҚАБ қызметкерлері "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) талаптарына сәйкес "цифрлық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта береді.

      34. Рұқсаттарды беру электрондық түрде, сондай-ақ "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ-да қалыптастырылған шығыс нысандарды (құжат) А-4 форматта, қағаз тасымалдағышта басылып шығару арқылы жүзеге асырылады.";

      36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы рұқсаттарды беру мәселелері бойынша өтініштерін тіркеуді (К)ПД ҚҚБ және (К)ҚАПБ ҚҚб АҚҚАБ қызметкері "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ-ға келіп түскен арыздар порталында арыз келіп түскен кезден бастап (жұмыс күні ішінде) жүзеге асырады.

      37. Азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге берілген рұқсаттардың жарамдық мерзімдерін (қайта тіркеу) АҚҚАБ бөліністерінің қызметкерлері "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ және ІІМ БДБ арқылы бақылайды.

      38. Азаматтық қаруды қайта тіркеу мерзімін бұзушылық анықталған жағдайда АҚҚАБ қызметкері осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару иелерін тексеру туралы учаскелік полиция инспекторына (бұдан әрі – УПИ) тапсырма дайындайды және оны БҚА ЦЖ арқылы жібереді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. УПИ-дің қару иесін тексеру туралы баянаты тексеріс материалдарымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚСжАЕК цифрлық жүйелерінің міліметтері бірге қару иесінің жеке ісіне тігіледі.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. АҚҚАБ бөліністері беретін лицензиялар, қорытындылар және қалған рұқсаттарды қалыптастыру "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ-да жүзеге асырылады.

      51. "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ арқылы берілген лицензиялар, қорытындылар, рұқсаттар А-4 форматтағы қағазға басылып, жеке және заңды тұлғалардың бақылау істеріне тігіледі.";

      60-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаруды есепке қоюға арналған хабарлама және қаруды есепке қойғаны туралы хабарлама БҚА ЦЖ арқылы жолданады.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Азаматтық қаруды есепке алуды (тіркеу, қайта тіркеу) АҚҚАБ қызметкері ІІМ "Тіркелген қару" БДБ және "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ есебіне енгізу және олар туралы деректерге түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылады.";

      70-тармақтың бесінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаруды есепке қою үшін сату (сыйға тарту) туралы хабарлама "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ арқылы жіберіледі.

      Қаруды есепке қою үшін және қаруды есеке алынғаны туралы хабарламалар БҚА ЦЖ арқылы жолданады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№468 бұйрыққа 1-қосымша
Ішкі істер органдарының
азаматтық және қызметтік қару
айналымы саласындағы бақылау
жөніндегі бөліністердің
қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған бұйымдар айналымы мәселелерi бойынша ақпараттар

      1. АҚҚАБ әрекетiне түсетін құралдар мен заттарды сатып алуға, алып жүруге және сақтауға, тасымалдауға, әкелуге (әкетуге), кәсiпорындар ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат алу үшiн ұсынылатын құжаттар тiзбесi.

      2. Заңды немесе жеке тұлғалардың қызмет түрiне лицензия алуға, қызметтiк қаруды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға рұқсат алуы, қызметтiк қаруды алып жүруге жеке рұқсат алу, азаматтардың азаматтық қаруды, басқа да құралдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға рұқсат алу үшiн iшкi iстер органына ұсынатын құжаттардың тiзбесi көрсетілген АҚҚАБ қызметiн регламенттейтін нормативтiк құқықтық актілердің үзiндiсi. Азаматтық, қызметтiк қаруды тiркеу, қайта тiркеу мерзiмдерi, қару сақтауға берiлген рұқсаттың күшiн жоюдың себептерi және т.б. көрсетiледi.

      3. Құжаттардың үлгiлерi: карточкалар, өтiнiштер, көру қабiлетiнің бұзылуына, психикалық ауруға немесе нашақорлыққа байланысты қаруды иеленуге терiс көрсеткiштердiң жоқтығы туралы медициналық қорытынды, есеп шотын көрсете отырып, лицензиялық, бiржолғы алымдарды, мемлекеттiк бажды төлеу туралы квитанция және т.б.

      4. Атыс, суық қаруды, жарылғыш заттарды дайындаумен, сақтаумен, алып жүрумен байланысты қылмыс құрамы туралы, адамдарды iшкi iстер органына заңсыз сақталған атыс қаруын, жарылғыш заттарды ерiктi тапсырғанда қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы қылмыстық заңнамадан, Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк заңнамасының баптарынан көшiрмелер (үзiндiлер).

      5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік қызметтерді "цифрлық үкімет" порталы арқылы көрсету тәртібі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады