Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 2026 жылғы 17 наурыздағы №193 бұйрықпен бекітілген |
Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық ішкi iстер органдарының (бұдан әрі – ІІО) ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдар (бұдан әрі – азаматтық пиротехника) айналымын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды.
2. ІІО қызметтерінің ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді ІІО әкімшілік полиция құрамына кіретін аазаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністері (бұдан әрі – АҚҚАБ) жүзеге асырады.
ІІО қызметтерінің заңсыз қару айналымын анықтау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді ІІО криминалдық полиция бөліністері жүзеге асырады.
3. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылаудың бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі – ӘПК), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі – (К)ПД, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдарының (бұдан әрі – (К)ҚАПО) АҚҚАБ бөліністері құрайды.
2-тарау. АҚҚАБ бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру
4. АҚҚАБ бөліністерінің жұмысы IІО-ның басқа қызметтерімен және тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
5. АҚҚАБ бөліністері өз жұмысында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық актілерді басшылыққа алады.
6. АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шегінде ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың мен олар қолданылып жасаған бұйымдардың айналымын бақылауды жүзеге асырады, оның шеңберінде:
1) ІІО-ның басқа да бөліністерімен және қызметтерімен бірлесіп бұйрық жобалары мен әдістемелік нұсқамаларды;
2) сондай-ақ ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтiк және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыруға және ІІО-да тіркелген қару қолданылып жасалған қылмыстар, сондай-ақ олардың ұрлану және жоғалу профилактикасына бағытталған практикалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлейді.
Әдістемелік сипаттағы құжаттар азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, шығарылады;
3) ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстың жай-күйі туралы мәліметтерге талдау жүргізуді ұдайы негізде жүзеге асырады, нәтижелері бойынша оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
ІІО-да тіркелмеген қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстың жай-күйі, сондай-ақ қару қолдана отырып, жасалған ашылмаған қылмыстар туралы мәліметтерге талдау жүргізуді ІІО криминалдық полиция бөліністері жүзеге асырады.
Ай сайын есеп беру кезеңінің соңында АҚҚАБ және криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері қару қолдана отырып, жасалған қылмыстың жай-күйі туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
ІІО-да тіркелген қаруды қолдана отырып, қылмыс жасаудың, азаматтық, қызметтік, марапаттық қару мен оның патрондарын ұрлау және жоғалтудың әрбір фактісі бойынша "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қызметтік тергеу жүргізіледі;
4) заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) жеке тұлғалардан азаматтық қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарын, сондай-ақ азаматтық, марапаттық қару айналымы бойынша заңнама талаптарының сақталуын тексеру үшін қажетті басқа да құжаттарды тексереді;
6) өндірістегі материалдар мен істер бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін түсіндірмелер мен жауап, құжаттар, олардың көшірмелерін алу үшін ІІО-ға шақырады;
7) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – КК) талаптарына сәйкес азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, олардың негізгі құрама бөлшектерін әзірлеу, өндiру, жөндеу, сақтау, пайдалану, жою, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау орындарына, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың әзірлеу, өндiру, сақтау, сату және пайдалану орындарына тексеріс жүргізеді;
8) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымы салаларында лицензиялар мен рұқсаттарды беру туралы шешім қабылдау үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің шынайылығын анықтайды;
9) Қазақстан Республикасы КК талаптарына сәйкес азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары саудасымен айналысатын заңды тұлғаның қызметін тексереді;
10) "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда қаруларды, патрондарды, олардың негізгі және құрама бөлшектерін алып қояды;
11) жеке және заңды тұлғалардан бақылау функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, жазбаша немесе ауызша ақпараттарды талап етеді;
12) жеке және заңды тұлғаларға орындалуы міндетті анықтаған азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын айналымы қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, ұсынымдар енгізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қару айналымына шектеу қояды және Заңда көзделген өзге де шараларды қолданады;
14) бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензиялар мен рұқсатардың қолданысын тоқтата тұру, олардын айыру бойынша шаралар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген өзге де шараларды қабылдайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару мен азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
16) ерікті түрде тапсырылған, табылған, сондай-ақ әкімшілік істер бойынша алынған ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару мен оған арналған оқ-дәрілердің сақталуын, оларды жою үшін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге де мақсатта беру үшін (К)ПД арттехқару-жарақ қоймаларына тапсырылғанға дейін қамтамасыз етеді.
Жоюға, тәркілеуге, өтеулі алып қоюға байланысты емес шешім қабылданған жағдайда қару мен оқ-дәрілер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10565 болып тіркелген), Алып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш материалдарды ішкi iстер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес иесіне қайтарылады.
7. АҚҚАБ бөліністерінің қызметіне ведомстволық бақылауды:
ІІМ-нің орталық аппаратында – Ішкі істер министрінің ӘПК-ге жетекшілік ететін орынбасары, ӘПК төрағасының АҚҚАБ басқармасына жетекшілік ететін орынбасары;
(К)ПД-де – (К)ПД бастығының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына (бұдан әрі – ҚҚБ) жетекшілік ететін орынбасарлары, ҚҚБ бастықтары, ҚҚБ бастығының АҚҚАБ бөлінісіне жетекшілік ететін орынбасарлары;
(К)ҚАПО-да – (К)ҚАПО бастықтарының қоғамдық қауіпсіздік бөліме (бөлімше) (бұдан әрі – ҚҚб) жетекшілік ететін орынбасарлары, ҚҚб бастықтары, ҚҚб бастығының АҚҚАБ бөлінісіне жетекшілік ететін орынбасарлары жүзеге асырады.
8. АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген).
(К)ПД, (К)ҚАПО АҚҚАБ бөлімшелерінде ІІО бастығының бұйрығымен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкер тағайындалады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын бұзуды анықтау, жою және жол бермеу мақсатында ІІМ, ПД және КПД АҚҚАБ бөліністерінде "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14740 болып тіркелген) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына мониторинг жүргізу нысанында ішкі бақылау жүзеге асырылады;
2) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне қорытындыны және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді қоспағанда қорытындылар мен рұқсаттар береді.";
9. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы лицензиялар мен рұқсаттарды беру үшін ұсынылған құжаттарды тексеру барысында АҚҚАБ қызметкері жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың қару мен оның патрондарына рұқсаты бар қызметкерлерін ІІО-ның криминалдық полиция, цифрландыру және жасанды интеллект (бұдан әрі – ЦжЖИ) бөліністерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) және Бас прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша есептері бойынша соттылығының және Заңның 19-бабына сәйкес ҚР ӘҚБК баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарының бар-жоғын тексереді.
10. Лицензиялар, рұқсаттар мен қорытындылар беру туралы шешім тек жоғарыда көрсетілген тексерістен кейін беріледі.
11. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде АҚҚАБ қызметкерлері ІІМ-нің және басқа да мемлекеттік органдардың мынадай ақпараттық жүйелерін пайдаланады:
Қазақстан Республикасы ІІМ біріктірілген деректер банкі (бұдан әрі – ІІМ БДБ);
Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ қашықтықтан қол жеткізу кіші жүйесі (Web-интерфейс);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесі (ҚАО ААЖ);
талдау орталығы ҚСжАЕК;
әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (ӘІБТ);
мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП);
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ);
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – "ЖТ" МДБ);
"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы ("ЗТ" МДБ);
"электрондық үкімет" порталы (ЭҮП);
тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі (ТСОБТ);
"Бұлтты құжат айналымы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БҚА АЖ).
12. АҚҚАБ қызметкеріне ІІО ғимаратында телефон байланысымен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай бөлінеді.
13. АҚҚАБ қызметкерлері осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйелерге қолжетімді қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютерлік техникамен, принтермен, сканермен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етіледі.
14. Мемлекеттік қызметті көрсететін және оларды орындау сапасына бекітілген АҚҚАБ қызметкерлері кезекшіліктен (нарядтардан), сондай-ақ ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, азаматтық пиротехниканың айналымына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды қоспағанда, жедел-профилактикалық іс-шараларға қатысудан босатылады.
15. АҚҚАБ қызметінің мәселелері бойынша ІІО-ға жүгінген жеке және заңды тұлғалар үшін АҚҚАБ ІІО фронт-офис ішінде осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару және оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы мәселелері жөніндегі ақпараты бар стенд ресімделеді.
Өтініштерді қабылдау және рұқсат құжаттарын электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта беру тек көрсетілген қызметтік үй-жайда жүзеге асырылады.
16. АҚҚАБ қызметкерлерінің жұмыс уақытында қызметтік үй-жайында ұзақ болмауына азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылауға жататын объектілерге зерттеу жүргізу, азаматтық қару иелерін тексеру, кезекшілікте (нарядта) болу, ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде жол беріледі.
17. АҚҚАБ қызметкерлері жұмыс уақытында "Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығымен бекітілген күнделікті нысанды киімді де, арнайы нысанды киімді де (камуфляж үлгісі) киеді.
1-параграф. ІІМ ӘПК АҚҚАБ басқармасының жұмысын ұйымдастыру
18. ІІМ ӘПК Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау басқармасы (бұдан әрі – АҚҚАББ) ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты атқару шеңберінде:
1) ІІМ Алқаларының, жедел кеңестерінің шешімдерін, ІІМ нұсқауларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, ұрланған және жоғалған азаматтық және қызметтік қару жөніндегі іздестіру іс-шараларын жүргізуге қатысу, мекенжайы анықталмаған азаматтық қару иелерін анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы рұқсат беру құжаттарын берудің заңдылығы, ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін қалыптастыру және жүргізу, "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастыру, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша ПД, (К)ПД және (К)ҚАПО АҚҚАБ бөліністерінің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
2) (К)ПД АҚҚАБ кадрларын іріктеу, оларды көтермелеу, жазалау, қызмет бабымен жылжыту бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) ІІМ жұмыс жоспарларына сәйкес немесе жұмыстағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде (К)ПД, (К)ҚАПБ АҚҚАБ бөліністеріне инспекторлық және мақсатты тексерістер жүргізеді.
Тексерістер (К)ПД, (К)ҚАПБ АҚҚАБ бөліністері жұмысының жай-күйіне жүргізілген түпкілікті талдау, өңірлердің ерекшеліктері, бақыланатын объектілер мен азаматтық қару иелерінің саны негізінде жүзеге асырылады.
Тексеріс барысында, оның ішінде бөлініс қызметін жетілдіру бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі;
4) ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолданумен жасалған қылмыстың жай-күйіне талдау, бөліністердің есепті деректеріне негізделген жұмыс нәтижелері, инспекциялау, тексерулер материалдары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген мониторниг негізінде тоқсан сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлейді.
Жоспарларға сәйкес тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстар, оның ұрлығы мен жоғалту профилактикасына, ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және ведомстволық бақылау деңгейін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізіледі, АҚҚАБ бөліністерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шараларды уақтылы қабылау қамтамасыз етіледі;
5) (К)ПД АҚҚАБ бөліністерінің ұсыныстары негізінде ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;
6) "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11045 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлейді, басып шығарады және жүргізеді;
7) халықаралық және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – НҚА) ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
8) ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін құрастырады (марапаттық қаруды ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне енгізуді, түзетулер мен шығаруды жүзеге асырады).
19. АҚҚАББ өз құзыреті шегінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналған қызметтік қаруды және оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді.
АҚҚАББ заңды тұлғаларға лицензия және қорытынды алу үшін өтінішті келіседі:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
нақты тауарлардың (азаматтық пиротехникалық заттардың және олар қолданылып жасалған бұйымдардың) экспорты мен импортына лицензия алу үшін;
мамандандырылған дүкендерде кейіннен сату үшін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге қорытынды.
Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың барлық түрлеріне, қорытынды және лицензиясын келісуге ІІМ ӘПК төрағасы және оның орынбасарлары қол қояды.
2-параграф. (К)ПД АҚҚАБ бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру
20. (К)ПД-де ІІО-да жұмысты ұйымдастыру ҚҚБ құрамындағы АҚҚАБ бөліністеріне (бөлімдер, бөлімшелер және топтар) жүктеледі.
21. (К)ПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністерінің басшылары лауазымдарына тағайындау немесе ауыстыру олар ІІМ ӘПК-де он күндік тренингтен өтіп, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерттегеннен кейін жүзеге асырылады.
22. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыру процесінде (К)ПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністері:
1) ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін құрастырады.
Азаматтық, қызметтік және марапаттық қаруды ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне енгізуді, түзетулер мен шығаруды жүзеге асырады.
Енгізілген рұқсаттардың толық қамтамасыз ету үшін ІІМ БДБ және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ "Тіркелген қару" жазбаларын ай сайын салыстыру жүргізіледі;
2) қару алуға құқығы бар субъектілер ұсынған (мемлекеттік органдар, қызметтік қару ұстау мен сақтау құқығы берілген лауазымды адамдар, ерекше жарғылық міндетке ие заңды тұлғалар, аң шаруашылығы ұйымдары, спорттық ұйымдар және білім беру ұйымдары) қару және оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтерді тексереді, олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 602 бұйрық) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес қызметтік ойық, тегіс ұңғылы, ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды және электрлік қаруға ресімделеді;
3) Қару бірлігінің ортаймайтын қорына арналған қару бірлігі мен патрондар санына, бір адамға арналған практикалық атыстарға, қару бірлігіне арналған атысты тексеруге есеп жүргізу кезінде ұйымның қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат етілген қызметкерлерінің штат санын басшылыққа алу қажет.
Лауазымдары бос орындарға қару мен патрондардың қажетті санына есеп жүргізілмейді.
Т.А.Ә. көрсетілген (ол болған кезде) заңды тұлғалардың және қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат етілген қызметкерлердің штаттық кестесі басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен расталған түрде еркін нысанда ұсынылады.
Күзетуге тапсырыс берушімен келісімшарт жасасқан күзет қызметінің субъектілері қаруланған бекеттердің саны және күзет режимі (тәулік бойы жұмыс істейтін бекеттер) қосымша ұсынылады.
Өзінің магистральдық теміржол желілерін, магистральдық құбырларды, мұнай өңдеу өндірісін және атом энергиясын күзету жөніндегі қызметін жүзеге асыратын ұлттық компаниялар қызмет атқаратын күзет ұйымының қызметкерлерін қаруландыру үшін қызметтік қарудың сақталуына бекітілген жауапты адаммен есептеу өндірісі үшін оларды күзетуге қолданыстағы келісімшарт көшірмесімен күзетілетін объектілер бекеттерінің орналасқан жері көрсетіледі (мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда).
Заңды тұлғада қосымша қару бірлігін сатып алу мән-жайлары туындаған кезде қару мен оның патрондарының есебі тек қару мен оның патрондарының қосымша бірлігіне есептеледі.
Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауынгерлік оқ-дәрілерді есептен шығару актісі бойынша практикалық атысқа және қару бірлігіне арналған атыс тексерісіне жұмсалған патрондарды есептен шығарғаннан кейін заңды тұлғалар ІІО беретін рұқсаттар бойынша сатып алады;
4) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы заңнама талаптарын сақтауына бағытталған өңірлік жедел-профилатикалық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
5) мына мәселелер бойынша АҚҚАБ (К)ҚАПБ бөліністерінің қызметін ведомстволық бақылауды жүзеге асырады:
ІІМ Алқасының, жедел кеңестерінің шешімдерін, ІІМ, ПД, (К)ПД нұсқауларын орындау;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
ұрланған және жоғалған азаматтық және қызметтік қару жөніндегі іздестіру іс-шараларын жүргізуге қатысу;
мекенжайы анықталмаған азаматтық қару иелерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
бөліністердің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы рұқсат беру құжаттарын беруінің заңдылығы;
ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін жеке және заңды тұлғалардың қалыптастыру (есепке алу);
ІІМ БДБ Web-интерфейс "Инициативтік сәйкестіктерді пысықтау" модуліне мониторинг жүргізу;
ІІМ БДБ "Тіркелген қару"
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастыру;
азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехниканың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
6) (К)ҚАПБ АҚҚАБ кадрларын іріктеу, оларды көтермелеу, жазалау, қызмет бабымен жылжыту бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) ұдайы негізде ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолданумен жасалған қылмыстың жай-күйі туралы ақпаратқа талдауды жүзеге асырады.
(К)ПД ҚҚБ АҚҚАБ қызметкерлері ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолданумен жасалған қылмыстардың әрбір фактісі бойынша ақпаратты тәулік ішінде ІІМ ӘПК-ге жолдайды және қызметтік тексеріс ұйымдастырады, оның қорытындысын 10 күндік мерзімде ІІМ-ге ұсынады.
Тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды ұрлау фактілері бойынша (К)ПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністерінің қызметкерлері қару иелерінің қаруды сақтау жөніндегі заңнаманың барлық талаптарын сақтауын анықтау және қаруды сақтау ережелерін бұзған жағдайда қару иесін жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау мақсатында оқиға орнына шығуды жүзеге асырады.
Тіркелмеген қаруды қолданумен қылмыстар жасау фактілері бойынша, сондай-ақ қаруды қолданумен жасалған ашылмаған қылмыстар туралы ақпаратты тәулік ішінде (К)ПД криминалдық полиция бөліністері ІІМ Криминалдық полиция департаментіне жолдайды;
8) (К)ПД жұмыс жоспарларына сәйкес немесе жұмыстағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде (К)ҚАПБ АҚҚАБ бөліністеріне инспекторлық және мақсатты тексерістер жүргізеді.
Тексерістер (К)ҚАПБ АҚҚАБ бөліністері жұмысының жай-күйіне жасалған түпкілікті талдау, өңірлердің ерекшеліктері, бақылаудағы объектілердің және азаматтық қару иелерінің саны негізінде жүзеге асырылады.
Тексеріс барысында, оның ішінде бөліністердің қызметін жетілдіру бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі;
9) ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолданумен жасалған қылмыстың жай-күйіне жасалған кешенді талдау, есептік деректерге негізделген бөліністердің жұмыс нәтижелері, инспекциялау материалдары, тексерістер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген мониторниг негізінде тоқсан сайынғы жұмыс жоспары әзірленеді.
Жоспарға сәйкес тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолданумен жасалған қылмыстар, оны ұрлаулар мен жоғалтулар профилактикасына, ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру сапасын және ведомстволық бақылаудың деңгейін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүргізеді, АҚҚАБ бөліністерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шараларды уақтылы қабылауды қамтамасыз етеді;
10) (К)ҚАПБ АҚҚАБ бөліністерінің ұсыныстары негізінде ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, оларды ІІМ ӘПК-ге жолдайды.
23. (К)ПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шегінде береді:
1) лицензиялар:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
Заңды тұлғаларға лицензия беруге өтініштерді қарау барысында өтініш және барлық қолда бар материалдар "Е-лицензиялау" МДБ АЖ арқылы ІІМ ӘПК-ке келесу үшін жіберіледі;
2) мыналарға:
аңшылық шаруашылық ұйымдарының шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау мақсатында келетін шетелдіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген тәртіпте сатып алынған қаруды;
жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін үшінші елдерден сатып алған азаматтық және қызметтік қаруын;
жеке тұлғалардың немесе спорттық ұйымдардың спорттық іс-шараларға қатысуы үшін спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын;
тұрақты тұру үшін шығатын жеке тұлғалардың азаматтық қарудың бір данасын;
тұрақты тұру үшін келетін жеке тұлғалардың азаматтық қарудың бір данасын;
жеке және заңды тұлғалардың көрмеге қатысуы үшін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын;
жеке тұлғалар үшін азаматтық қару мен оның патрондарының бір данасын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Респубикасынан әкетуге;
жеке тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарының бір данасын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеуге қорытындылар береді;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың сәйкестігін растау (сертификаттау немесе сәйкестігін декларациялау) мақсатында сынақ жүргізу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, азаматтық және қызметтік қаруды, олардың негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар береді;
Мамандандырылған дүкендерде кейіннен сату үшін заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарың әкелуге қорытынды беруге өтініштерді қарау барысында өтініш және қолда бар барлық материалдар ІІМ ӘПК-ке "Е-лицензиялау" МДБ АЖ арқылы келесу үшін жіберіледі;
4) мыналарға:
жеке және заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды қоспағанда, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға;
атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар береді.
Барлық рұқсаттар "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына сәйкес нысаны бойынша береледі (бұдан әрі - № 133 бұйрық).
24. ҚАПБ аумақтық АҚҚАБ бөліністері көрсететін өзге де мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша заңды және жеке тұлалар тікелей жүгінген кезде оларды ПД ҚҚБ-нің көрсетуіне жол беріледі.
25. Азаматтық және қызметтік қаруды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметті жүзеге асыруға, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияларға, азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарға, туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ІІО-да тіркелген шетелдіктерге азаматтық қаруды, азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде беріледі оны сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкететін жағдайда азаматтық қаруды сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ІІО-да тіркелген шетелдіктерге азаматтық қаруды азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде сатып алуға, сақтауға және алып жүруге және, тасымалдауға рұқсаттарға ПД бастықтары және олардың АҚҚАБ бөліністеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың қалған түрлеріне ПД ҚҚБ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
26. Көліктегі КПД ҚҚБ АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шеңберінде:
1) заңды тұлғаларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік қызметшілерге жатқызылған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануына арналғандарды қоспағанда, қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар береді.
27. КПб аумақтық АҚҚАБ бөліністері беретін өзге де рұқсаттарды алу мәселелері бойынша заңды және жеке тұлалар тікелей жүгінген кезде оларды КПД ҚҚБ-нің беруіне жол беріледі.
Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың барлық түрлеріне КПД ҚҚБ бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
3-парагараф. (К)ҚАПБ АҚҚАБ бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру
28. (К)ҚАПБ-де жұмысты ұйымдастыру (К)ҚАПБ қоғамдық қауіпсіздік бөліністерінің құрамындағы АҚҚАБ бөліністеріне (бөлімшелер және топтар) немесе инспекторларына (аға инспекторларына) жүктеледі.
29. (К)ҚАПБ АҚҚАБ қызметкерлерін тағайындау олар (К)ПД ҚҚБ он күндік тренингтен өтіп, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерттегеннен кейін жүзеге асырылады.
30. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыру процесінде (К)ҚАПБ ҚҚб АҚҚАБ бөліністері:
1) ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебін құрастырады.
Азаматтық, қызметтік қаруды (ойық ұңғыдан басқа) ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне енгізуді, түзетуді және шығаруды жүзеге асырады;
2) мынадай:
ұрланған және жоғалған азаматтық және қызметтік қару бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуге қатысу;
мекенжайы (ҚАПБ) анықталмаған азаматтық қарудың иелерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
азаматтық және қызметтік қару, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша (К)ҚАПБ мүдделі қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;
3) қару алуға құқығы бар субъектілер ұсынған (ерекше жарғылық міндетке ие заңды тұлғалар) қару және оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтерді тексереді, олар № 602 бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қызметтік тегіс ұңғылы, ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды және электрлік қаруға ресімделеді;
4) ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстың және азаматтық пиротехниканың жай-күйі туралы ақпаратты жинауды және жинақтауды ұдайы негізде жүзеге асырады.
ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қылмыстың және азаматтық пиротехниканың қолдана отырып жасалған әрбір фактісі бойынша ақпаратты (К)ҚАПБ АҚҚАБ қызметкерлері тәулік ішінде (К)ПД ҚҚБ-ге жолдайды және дереу қызметтік тексеріс жүргізеді, оның қорытындысы 10 күндік мерзімде (К)ПД ҚҚБ-ге ұсынады.
Тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды ұрлау фактілері бойынша қару иесінің қаруды сақтау бойынша заңнаманың барлық талаптарын сақтауын анықтау және қаруды сақтау ережелерін бұзған жағдайда қару иесін жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау мақсатында АҚҚАБ бөліністерінің қызметкерлері оқиға орнына шығуды жүзеге асырады.
Тіркелмеген қаруды қолдана отырып қылмыстар жасаудың әрбір фактісі бойынша, сондай-ақ қаруды қолдана отырып жасалған ашылмаған қылмыстар туралы ақпаратты тәулік ішінде (К)ҚАПБ криминалдық полиция бөліністері (К)ПД Криминалдық полиция басқармасына жолдайды;
5) ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстың жай-күйіне жасалған кешенді талдау, бөліністердің есептік деректеріне, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген мониторингке негізделген жұмыс нәтижелері негізінде тоқсан сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлейді.
Оларға сәйкес ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асырудың және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын және ведомстволық бақылау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі, АҚҚАБ бөліністерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шешімдер мен практикалық шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;
6) атқарылған жұмысқа жүргізілген талдау негізінде ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және (К)ПД ҚҚБ-ге жолдайды.
31. ҚАПБ ҚҚб АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шегінде:
1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, ойық қаруды қоспағанда тасымалдауға рұқсаттар.
Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың барлық түрлеріне ҚАПБ бастығы және олардың АҚҚАБ бөліністеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.
32. КПб АҚҚАБ бөліністері өз құзыреті шегінде:
1) заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге, ойық қаруды қоспағанда, тасымалдауға рұқсаттар береді.
Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардың барлық түрлеріне ҚПб бастығы және олардың АҚҚАБ бөліністеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.
33. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген рұқсаттарды АҚҚАБ қызметкерлері "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) талаптарына сәйкес "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта береді.
34. Рұқсаттарды беру электрондық түрде, сондай-ақ "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қалыптастырылған шығыс нысандарды (құжат) А-4 форматта, қағаз тасымалдағышта басылып шығару арқылы жүзеге асырылады.
35. АҚҚАБ қызметкерлері беретін барлық қағаз тасымалдағыштардағы рұқсаттарға уәкілетті адам қол қояды және "Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі" деген бедерi бар мөрмен расталады.
Мөр:
ІІМ-де – АҚҚАБ басқармасы бастығының кабинетінде, сейфте;
(К)ПД-де – АҚҚАБ бөлім (бөлімше) бастығының немесе топ басшысының кабинетінде, сейфте;
(К)ҚАПБ-де – (К)ҚАПБ бастығының ҚҚб-ге жетекшілік ететін орынбасарының кабинетінде, сейфте сақталады.
36. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы рұқсаттарды беру мәселелері бойынша өтініштерін тіркеуді (К)ПД ҚҚБ және (К)ҚАПБ ҚҚб АҚҚАБ қызметкері "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға келіп түскен арыздар порталында арыз келіп түскен кезден бастап (жұмыс күні ішінде) жүзеге асырады.
3-тарау. Берілген рұқсаттардың жарамдық мерзімдерін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қару мен патрондарды беруін және сатуын бақылау
37. Азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге берілген рұқсаттардың жарамдық мерзімдерін (қайта тіркеу) АҚҚАБ бөліністерінің қызметкерлері "Е-лицензиялау" МДБ АЖ және ІІМ БДБ арқылы бақылайды.
38. Азаматтық қаруды қайта тіркеу мерзімін бұзушылық анықталған жағдайда АҚҚАБ қызметкері осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару иелерін тексеру туралы учаскелік полиция инспекторына (бұдан әрі – УПИ) тапсырма дайындайды және оны БҚА АЖ арқылы жібереді.
39. Қару иесі анықталған кезде УПИ қарудың сақтау шартын, қару деректерінің қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсатымен сәйкестігін, оның жарамдылық мерзімін тексереді, анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК сәйкес әкімшілік өндіріс қозғайды.
40. Азаматтық қару иесі тұрғылықты мекенжайы бойынша болмаған жағдайда УПИ оны анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді (көршілерден, туыстарынан, жаңа тұрғындардан (иесі көшіп кеткен жағдайда) жауап алады).
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпарат УПИ баянатында жазылады. Тексеріс нәтижелері туралы баянат қоса берілген материалдарымен бірге АҚҚАБ қызметкеріне беріледі.
41. УПИ-дің қару иесін тексеру туралы баянаты тексеріс материалдарымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерінің міліметтері бірге қару иесінің жеке ісіне тігіледі.
42. Азаматтық қару иесін тексеру туралы тапсырмаларды орындау нәтижелері ІІО бастығының қарауына енгізіледі.
43. Қару иесі тіркелген орны бойынша ІІО-ға хабарламай тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда АҚҚАБ қызметкері ІІО-ға қару иесіне жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру және тиісті шараларды қабылдау, оның ішінде тіркеу, қарудың орналасқан жері белгілеу туралы хабарлама жолдайды.
44. Қару иесінің тұрғылықты мекенжайын анықтау мүмкін болмаған жағдайда АҚҚАБ қызметкері ІІО ЦжЖИ Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебіне "иесінің мекенжайын анықтау" санаты бойынша есепке қою үшін қаруға толтырылған ақпараттық-іздестіру картасын ілеспе хатпен бір тәулік ішінде жолдайды.
Қару иесінің тұрғылықты жерін анықтау мақсатында өзге де жедел-профилактикалық іс-шаралармен қатар міндетті түрде мынадай шаралар жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеудің не уақытша тұру бойынша тіркеудің бар-жоғын тексеру (тіркеу анықталған жағдайда тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО нақты тұру фактісін растау туралы сұрау жолданады);
Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқа мемлекетке тұрақты тұруға кету фактісін анықтау (ІІО көші-қон қызметінің мәліметтері негізінде);
жақын туыстарын, достарын және араласатын өзге де адамдарды анықтау және сұрау салу.
ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебіне қойғаннан кейін қару "Тіркелген қару" есебінен алынады.
45. Қару иелерінің мекенжайын анықтау мақсатында ІІО көші-қон полициясы бөліністерінің және әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлері азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу, жеке куәлік алу, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұрға көшу үшін есептен шығу, сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу үшін жүгінген жағдайда оларды ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебі бойынша тексереді.
"Иесінің мекенжайын анықтау" санаты бойынша сәйкестіктер анықталған жағдайда ол туралы ақпарат ІІМ БДБ "Криминалдық қару" есебіне қоюға бастамашы болған ІІО АҚҚАБ бөлінісіне жолданады.
46. Қару иесінің тұрғылықты жерін анықтау бойынша барлық құжаттар қару иесінің жеке ісіне тігіледі.
47. Қызметтік қаруды қайта тіркеу мерзімінің бұзылғаны анықталған жағдайда АҚҚАБ қызметкері заңды тұлғаға (қару иесіне) еркін нысанда қызмкеттік қаруды қайта тіркеудің қажеттілігі туралы хат жолдайды.
48. Заңды тұлға келмеген немесе бірнеше заңды тұлғаның (қару иесінің) қызметтік қаруды қайта тіркеу мерзімін бұзғаны анықталған жағдайда АҚҚАБ қызметкері қызметтік қаруды сақтайтын заңды тұлғаларды тексеруге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін материалдар дайындайды.
49. Бақылау функцияларын орындау шеңберінде ЦжЖИ қызметкері ІІО-да қайта тіркеуден өтпеген азаматтық және қызметтік қаруды анықтау мақсатында ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне талдау жүргізуді жүзеге асырады.
Анықталған қару туралы ақпарат АҚҚАБ қызметкеріне ұсынылады.
4-тарау. АҚҚАБ бөліністерінің есепке алуды жүзеге асыруын ұйымдастыру
1-параграф. Лицензиялар мен рұқсаттарды беруді есепке алу
50. АҚҚАБ бөліністері беретін лицензиялар, қорытындылар және қалған рұқсаттарды қалыптастыру "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да жүзеге асырылады.
51. "Е-лицензиялау" МДБ АЖ арқылы берілген лицензиялар, қорытындылар, рұқсаттар А-4 форматтағы қағазға басылып, жеке және заңды тұлғалардың бақылау істеріне тігіледі.
2-параграф. АҚҚАБ бақылайтын объектiлердi есепке алу
52. Есепке алуға азаматтық және қызметтік қаруды, азаматтық пиротехниканың сақтайтын объектілер және ІІО берген рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтер жатады.
Азаматтық және қызметтік қаруды сақтау объектілеріне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдар;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) "Қазпошта" АҚ – ұлттық почта операторы;
4) уәкілетті мемлекеттік органдардың жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды жүзеге асыратын бөліністері;
5) облыстық атқарушы органдардың мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері;
6) заңнамада белгіленген тәртіпте аңшылық және балық аулау шаруашылығын жүргізу құқығы берілген аңшылық және балық шаруашылықтары;
7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері, жоғары спорттық шеберлік мектептері, олимпиадалық даярлық орталықтары, спорт клубтары, федерациялар, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар, штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы, дене шынықтыру-спорт қоғамдары;
8) Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының қарауындағы ұйымдардың аңшылық шаруашылықтары мен "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының аңшылық шаруашылықтары;
9) жеке күзет ұйымының күзетшісі және басшысы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдары (арнайы оқыту курстары);
10) Қазақстан Республикасы әуежайларының Авиациялық қауіпсіздік қызметтері;
11) өз қызметін магистральдық теміржол желілері, магистральдыққұбыржолдар, мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдары;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша мамандандырылған дүкендер жатады;
13) қаруды орталықтандырылған сақтау пункттері.
Азаматтық пиротехниканың сақтау және пайдалану объектілеріне мыналар жатады:
1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлғалар;
2) азаматтық пиротехниканың өнімдерін сақтау қоймалары;
3) бөлшек саудада өткізу кезінде азаматтық пиротехниканың сақтау орындары;
4) салюттер мен фейерверктерді көрсететің (көрсету) орындар.
53. АҚҚАБ бақылайтын объектiлердi, бұйымдар мен заттарды есепке алу осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектілерді есепке алу кітабында жүзеге асырылады.
54. АҚҚАБ әрбір объектісіне осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-қадағалау ісі (бұдан әрі – БҚІ) жүргізіледі, оған объектілерді, бұйымдар мен заттарды есепке алу кітабына сәйкес тіркеу нөмірі беріледі. Бір кәсіпорын объектілерінің БҚІ бір папкада болады.
55. АҚҚАБ объектісінің БҚІ-сі екі бөлімнен тұрады.
Бiрiншi бөлiмде объектiнi ашу үшiн негiз болған материалдар, қызмет түрiне лицензия алуға байланысты хат алмасулар, оның көшірмелері, сатып алуға рұқсаттардың телнұсқалары, азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, тасымалдауға, беруге, сатуға рұқсаттардың көшірмелері, қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтер, анықталған заң бұзушылықтар туралы материалдар мен оларға жауаптар, объектiлердi тексеру туралы актiлер мен баянаттар, лицензиялар мен рұқсаттар бергенi үшiн лицензиялық алымдар мен мемлекеттiк баждарды төлегенi туралы түбiртектердің көшірмелері болады.
Екiншi бөлiмде бекеттердің орналасқан жері, жұмыс істейтін жеке құрамның тiзiмдерi, заңды тұлғаның бұйымдар мен заттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға рұқсаты бар, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, тасымалдауға және қолдануға рұқсат алған жұмыс істейтін жұмыскерлерінің деректері, көрсетiлген адамдарды тексеру материалдары болады.
Азаматтық пиротехниканың саласында қызметпен айналысатын объектілерге қатысты БҚІ-сі осы тармаққа сәйкес жүргізіледі.";
56. АҚҚАБ қызметкерінің кабинетінде БҚІ сақталады. Ол объектіні басқа ІІО-ның бақылауына берген кезде соңғысына ілеспе хатпен беріледі.
АҚҚАБ-ның азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтайтын, қаруы мен патрондары жойылған немесе басқа заңды немесе жеке тұлғаларға қайта тіркелген объектілерінің БҚІ-сі жойылуға жатады.
Жойылуға жататын БҚІ осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған азаматтық және қызметтік қару сақтайтын объектілердің бақылау-қадағалау істерін жою актісіне енгізіледі.
57. (К)ПД ҚҚБ әрбір (К)ҚАПБ-ға есепке алу ісін жүргізеді, онда ІІО АҚҚАБ қызметкерлері туралы деректер, осы ІІО қызмет көрсететін АҚҚАБ объектілері туралы мәліметтер олардың ведомстволық тиісілігін көрсете отырып, көрсетіледі.
58. Осы Нұсқаулықтың 52-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың ІІО-да тіркелген азаматтық және қызметтік қаруларын есепке алуды (тіркеу, қайта тіркеу) АҚҚАБ қызметкері ол туралы деректерді ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне енгізу және түзету арқылы жүзеге асырады.
59. Осы Нұсқаулықтың 52-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруы ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне:
1) рұқсатқа (бар болса) келісімшартты қоса бере отырып, оны сатып алуға рұқсаттың телнұсқасы негізінде қару сатып алған;
2) филиалдар, өкілдіктер осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның өтініші және бұрын есебінде тұрған ІІО-ның қаруды есепке қою туралы хабараламасы негізінде негізгі заңды тұлғалардан қару алған немесе берген;
3) қаруды анықтаған (табу, айқындау) ІІО қызметкерінің баянаты негізінде ұрланған, жоғалған қарулар анықталған;
4) заңды тұлғаға жаңадан берілген рұқсат негізінде заңды мекенжайы өзгерген;
5) дүкеннің қаруды қабылдау туралы белгісі бар қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге берілген рұқсаттың негізінде заңды және жеке тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қаруды қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкендер қабылдаған жағдайларда есепке қойылады.
60. Осы Нұсқаулықтың 52-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруы ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебінен мынадай жағдайларда шығарылады, олар:
1) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды есепке қойған ІІО-ның оны есепке қойғаны туралы хабарламасы негізінде қару сатылған, берілген;
2) қару ұрланған, жоғалған фактілері бойынша оны иеленушінің өтініші негізінде ІІО-ның ақпаратты есепке алу кітабында (АЕК) тіркелген, қызметтік тексеру жүргізілгені туралы қорытындының көшірмесі қоса тіркеледі және бір мезгілде ІІМ "Қриминалдық қару" БДБ-ның есебіне қою жүзеге асырылады;
3) қаруды кәдеге асыру – (К)ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасынан (бұдан әрі – ТҚеБ) қаруды жою туралы актісін алғанан кейін;
4) қаруды комиссиялық сатуға беру және ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне комиссиялық дүкеннің атына қойғаннан кейін.
Барлық басқа жағдайларда ІІМ БДБ "Тіркелген қару" есебіне "28.1. иемдену құқығы, оның ішінде" деректемесіне алғашқы есепке алудың электрондық құжатыны (бұдан әрі – АЕЭҚ) алмастан тиісті түзетулер енгізіледі.
"Тіркелген қару" БДБ есебінен алуды есептен алу себебін және күнін көрсете отырып, аталған жағдайдың болғаны туралы мәлімет алған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей АҚҚАБ жүзеге асырады.
Қаруды есепке қоюға арналған хабарлама және қаруды есепке қойғаны туралы хабарлама БҚА АЖ арқылы жолданады.
61. Шығындалған патрондарды есепке алу патрондарды тарату-тапсыру ведомосі және жауынгерлік оқ-дәрілерді есептен шығару актісі негізінде осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
3-парагаф. Азаматтық қару иелерін есепке алу
62. Азаматтық қару иелерін есепке алуды осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚАБ қызметкері азаматық қару иелерін есепке алу кітабында жүргізеді.
63. Кітап нөмірленіп, тігіледі және ІІО-ның "Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі" деген бедері бар мөрмен расталады, ІІО-ның кеңсесінде тіркеледі.
64. Иелігінде азаматтық қару бар әрбір адамға осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке іс ашылады, оған азаматтық қару иелерін есепке алу кітабына сәйкес тіркеу нөмірі беріледі.
65. Ойық атыс қаруы иелерінің жеке істері ПД ҚҚБ, ал тегіс ұңғылы, газды және электр қаруы иелерінің істері ҚАПБ-де жүргізіледі.
66. АҚҚАБ қызметкері мынадай құжаттардан:
1) қаруды сатып алуға, сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат беру туралы мәселені қарау үшін негіз болатын өтініштен;
2) осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қару иесінің карточкасынан;
3) қару иелерінің тексеріс материалдарынан (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/у нысаны бойынша медициналық тексеру қорытындысынан, қаруды ұстаудың қауіпсіздік қағидаларын білуі туралы анықтамалар);
4) қаруды сатып алуға рұқсаттың көшірмесі немесе қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат беру үшін негіз болған басқа да құжаттардан;
5) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес азаматтық және қызметтік қару тіркеу (қайта тіркеу) үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектерден;
6) осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды сақтауға арналған жағдайлардың бар-жоғы туралы УПИ, АҚҚАБ қызметкерінің баянатынан (мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүргізілген азаматтық қаруды сақтау шарттарының болуын тексеру, сондай-ақ тұрғылықты жерін ауыстырған кезде есепке қою туралы баянат);
7) экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ҰҚК, ҚСжАЕК-ның есептері бойынша, соттылығының және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың Заңның 19-бабына сәйкес бар-жоғы жүргізілген тексеріс нәтижелерінен (материалдар);
8) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын WEB-интерфейсі бар паспорттық мәліметтер;
9) азаматтық қаруды сатып алу, сату, сыйға тарту заңдылығын көрсететін басқа да құжаттардан тұратын азаматтық қару иесінің жеке ісін қалыптастырады.
67. Азаматтық қару иелерiнiң жеке iстерi АҚҚАБ қызметкерінiң қызметтiк кабинетiнде сақталады.
68. Азаматтық қаруды есепке алуды (тіркеу, қайта тіркеу) АҚҚАБ қызметкері ІІМ "Тіркелген қару" БДБ және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ есебіне енгізу және олар туралы деректерге түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
69. ІІМ "Тіркелген қару" БДБ жеке тұлғалардың азаматтық қаруы:
1) қаруды сатып алуға берілген рұқсаттың негізінде қару сатып алған;
2) қару иесінің өтініші, қаруды сақтауға, сақтау және алып жүруге рұқсаты негізінде азаматтық қару иесі жаңа тұрғылықты мекенжайға көшкен;
3) қаруды анықтаған (табу, айқындау) ІІО қызметкерінің баянаты негізінде ұрланған, жоғалған, сондай-ақ қару иесі іздеуде жүрген немесе оның мекенжайы анықталмаған қару анықталған жағдайларда есепке қойылады.
70. Жеке тұлғалардың азаматтық қаруы:
1) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды есепке қойған ІІО-ның қаруды есепке қойғаны туралы хабарламасы негізінде қару иесі оны сатқан, сыйға берген және мұраға қалдыру, тұрғылықты мекенжайын ауыстырған;
2) қару ұрланған, жоғалған фактілері бойынша оны иеленушінің өтініші негізінде ІІО-ның ақпаратты есепке алу кітабында (АЕК) тіркелген, қызметтік тексеру жүргізілгені туралы қорытындының көшірмесі қоса тіркеледі және бір мезгілде ІІМ "Қриминалдық қару" БДБ-ның есебіне қою жүзеге асырылады.
ІІМ "Криминалдық қару" БДБ есебінің "Жоғалған" және "Ұрланған" санаттары бойынша жинақтау-іздестіру ісі ашылады, оған қаруды немесе қару иесін анықтау жөніндегі барлық материалдар тігіледі;
3) қаруды кәдеге асыру – қаруды жою туралы (К)ПД ТҚеБ-ның актісін алғанан кейін;
4) қаруды комиссиялық сатуға беру және ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне комиссиялық дүкеннің атына қойғаннан кейін;
5) қару иесінің тұрғылықты тұруға шет елге кетуі – иесіне қаруды Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға рұқсат бергеннен кейін.
Барлық басқа жағдайларда ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне "28.1. иемдену құқығы, оның ішінде" деректемесіне АЕЭҚ - ны алмастан тиісті түзетулер енгізіледі.
"Тіркелген қару" БДБ есебінен алуды есептен алу себебін және күнін көрсете отырып, аталған жағдайдың болғаны туралы мәлімет алған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей АҚҚАБ жүзеге асырады.
Қаруды есепке қою үшін сату (сыйға тарту) туралы хабарлама "Е-лицензиялау" МДБ АЖ арқылы жіберіледі.
Қару иесінің тұрғылықты мекенжайының ауысқаны туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаруды есепке қою үшін жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша ІІО-ға жолданады.
Қарудың есепке қойылғаны туралы хабарлама алынғаннан кейін ғана қару иесінің жеке ісі аумақтығы бойынша ІІО-ға беріледі.
Қаруды есепке қою үшін және қаруды есеке алынғаны туралы хабарламалар БҚА АЖ арқылы жолданады.
71. Қару иесінің жеке ісі АҚҚАБ қызметкерінің кабинетінде қаруды қайта тіркеу немесе жою, қару иесі қайтыс болған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған, оны ІІО-ға уақытша сақтауға тапсырған жағдайларда шешілгенге дейін болады.
Ол туралы ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне тиісті түзетулер енгізіледі.
72. Қаруды жойғаннан немесе басқа адамға қайта тіркегеннен кейін азаматтық қару иелерінің жеке істерін құрамына АҚҚАБ қызметкері, оның тікелей басшысы және ІІО іс жүргізуші кіретін комиссия 5 жыл өткен соң жояды.
Жойылуға жататын жеке істер осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған азаматтық қару иелерінің жеке істерін жою актісіне енгізіледі.
(К)ПД, (К)ҚАПБ ҚҚБ АҚҚАБ бөліністерінің қызметкерлері көші-қон, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, ЦжЖИ бөліністерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, ІІМ "Криминалдық қару" БДБ есебінде "мекенжайы анықталмаған" санаты бойынша есепте тұрған азаматтық қару иелерін іздеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
5-тарау. АҚҚАБ бөліністерінің ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша қызметін ұйымдастыру
73. АҚҚАБ қызметкері кемінде жылына бір рет заңды тұлғалардың қызметтік және азаматтық қару мен оның патрондарына және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдармен жұмыс істеуге рұқсаты бар жұмыскерлерін ІІО-ның және ҚСжАЕК қолданыстағы есептері бойынша тексереді. Тексеру нәтижелері объектідегі БҚІ-нің екінші бөліміне тігіледі.
74. ІІМ "Тіркелген қару" БДБ есебіне бекітілген ПД ЦжЖИ қызметкерлері ұдайы негізде азаматтық қару иелерін бастамашыл сәйкестіктер шеңберінде қолданыстағы ІІМ БДБ криминалдық есептері, ҚСжАЕК, сондай-ақ "ЖТ" МДБ (қайтыс болу мәніне және Т.А.Ә.) бойынша тексереді.
75. Азаматтық қару иелерін тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру ІІО-ның жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезеңінде жүргізілген тексерістерін қоспағанда, жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Заңның талаптарына сәйкес азаматтық қару иелерін (жеке тұлғаларды) тексеруді АҚҚАБ қызметкерлері және УПИ жүзеге асырады.
Азаматтық қару иелерін тексеру нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру туралы баянат жазылады.
Әрбiр УПИ жинақтау папкасын ашады, оған қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде тұратын азаматтық қару иелерiнiң тiзiмi және азаматтық қару мен патрондардың сақталу шарттары туралы оларды тексеру баянаты тiгiледi.
Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты УПИ ай сайын азаматтық қару иелерінің УПИ-не олардың қаруды сақтау қағидаларын сақтауы бойынша жүргізілген тексеру туралы талдау жүргізеді.
Ай сайын 2-күнге қарай АҚҚАБ-қа осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексерілген (тексерілмеген) иелерінің саны туралы толық ақпарат жібереді.
76. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехниканың айналымы саласындағы заңды тұлғаларды тексеруді АҚҚАБ қызметкерлері тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырады.
Заңды тұлғаларды тексеру Заңның 30 және 30-1-баптарына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы КК талаптарына сәйкес.
АҚҚАБ объектілерін тексеру нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚАБ объектілерін тексергені туралы акті толтырылады.
АҚҚАБ қызметкерлері осы Нұсқаулыққа 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы жасалған актілерді ведомстволық есепке алуды жүргізеді.
Журнал нөмірленіп, тігіледі және ІІО-ның "Лицензиялау-рұқсат беру жүйесі" деген бедері бар мөрмен расталады, ІІО-ның кеңсесінде тіркеледі.
77. Азаматтық пиротехниканы әзірлеу, өндіру, сақтау, сату және пайдалану орындарын тексеру, мынадай тәртіпте:
1. Тексеру:
1) тексеру тағайындау туралы актіні;
2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
3) жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. АҚҚАБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде халықаралық актілердің талаптарын, оның ішінде "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" кеден одағының Техникалық регламентін және азаматтық пиротехниканың саласындағы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 1-қосымша |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған бұйымдар айналымы мәселелерi бойынша ақпараттар
1. АҚҚАБ әрекетiне түсетін құралдар мен заттарды сатып алуға, алып жүруге және сақтауға, тасымалдауға, әкелуге (әкетуге), кәсiпорындар ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат алу үшiн ұсынылатын құжаттар тiзбесi.
2. Заңды немесе жеке тұлғалардың қызмет түрiне лицензия алуға, қызметтiк қаруды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға рұқсат алуы, қызметтiк қаруды алып жүруге жеке рұқсат алу, азаматтардың азаматтық қаруды, басқа да құралдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға рұқсат алу үшiн iшкi iстер органына ұсынатын құжаттардың тiзбесi көрсетілген АҚҚАБ қызметiн регламенттейтін нормативтiк құқықтық актілердің үзiндiсi. Азаматтық, қызметтiк қаруды тiркеу, қайта тiркеу мерзiмдерi, қару сақтауға берiлген рұқсаттың күшiн жоюдың себептерi және т.б. көрсетiледi.
3. Құжаттардың үлгiлерi: карточкалар, өтiнiштер, көру қабiлетiнің бұзылуына, психикалық ауруға немесе нашақорлыққа байланысты қаруды иеленуге терiс көрсеткiштердiң жоқтығы туралы медициналық қорытынды, есеп шотын көрсете отырып, лицензиялық, бiржолғы алымдарды, мемлекеттiк бажды төлеу туралы квитанция және т.б.
4. Атыс, суық қаруды, жарылғыш заттарды дайындаумен, сақтаумен, алып жүрумен байланысты қылмыс құрамы туралы, адамдарды iшкi iстер органына заңсыз сақталған атыс қаруын, жарылғыш заттарды ерiктi тапсырғанда қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы қылмыстық заңнамадан, Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк заңнамасының баптарынан көшiрмелер (үзiндiлер).
5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсету тәртібі.
Оқ-дәріні шығысқа шығару актісі
Мынадай құрамдағы комиссия: төраға ___________________________ мүшелері:
1. _____________________________
2. _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
20__ ж. "___"________________________________________________ негізінде
(бұйрықтың, нұсқаудың, өкімнің нөмірі, күні)
мынадай ___________________________________________________________
(қару түрі, маркасы, калибрі) (керек емесі сызып тасталсын)
жаттығу атыстары, атыстан жарыстар өткізілгені туралы туралы осы актіні жасады.
____ парақта қоса берілген тарату-өткізу ведомосіне сәйкес атыстарда:
____________________________ _____________________________________
(қару түрі, калибрі) (саны цифрлармен және жазумен)
___________________________ ______________________________________
оқ-дәрілер жұмсалған.
Комиссия оқ-дәрілерді берудің және жұмсаудың негізділігін тексеріп, _______
__________________________________________ есебінен шығаруды ұсынады
(ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның, оқу орнының атауы)
Жұмсалған патрондар:________________________________________________
___________________________________________________________________
(қару түрі, калибрі) (саны цифрлармен және жазумен)
Комиссия төрағасы __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Комиссия мүшелері:
1. _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
2. ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
2-нысан
______________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Тирда оқ-дәрілерді тарату-өткізу ведомосі
за "___"_____________20__ж.
| Алушы, Т.А.Ә. | Патрон берілді | Алғаны туралы қолхат және күні | Кері өткізілді | Патрондарды өткізгені туралы қолхат және күні | Ескертпе | ||||
калибрі | саны | Жұмсалмағаны | От алмағаны | |||||||
калибрі | саны | калибрі | саны | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Патрондарды есепке алуға, сақтауға және беруге жауапты
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)
Атыс басшысы ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)
| "____" ____________ 20 __ ж. | |
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 3-қосымша |
нысан
№ __ тапсырма
| 20 __ ж. "____" ______________ |
Учаскелік полиция инспекторы ______________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Біз_______________________________________________________________
қаруға рұқсат беруге, тіркеуге, қайта тіркеуге немесе басқаға) ____________
______________________________________________________ байланысты
_____________________________________________________________ бар
(қару моделі, нөмірі, калибрі)
__________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты мекенжайы)
азамат ___________________________________________________ тексереміз.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Сізге 20 __жылғы "____"_____________мерзімге дейін тексеру жүргізуді, оның барысында мынадай мәселелерді анықтауды ұсынамын:
1. Тұрғылықты жері бойынша азамат _________________________________
қандай мінездеме беріледі, "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес оған қару иеленуге рұқсат беруге кедергі келтіретін мән-жайлар бар ма.
2. Қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат бар ма, беру күні, қолданылу мерзімі _________________________________________________
3. Қаруды сақтау шарттары ___________________________________________
(сейф немесе металл шкаф бар ма, бөгде адамдардың және балалардың қаруға рұқсаты бар ма).
___________________________________________________________________
Бастық ____________________________________(_____________)
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 4-қосымша |
нысан
_____________________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
объектiлерiн есепке алу кітабы
_____________________ басталды
(жылы, айы, күнi)
____________________ аяқталды
(жылы, айы, күнi)
артқы жағы
Ескертпе. Кітап екі бөлімнен тұрады:
1 - бөлім – Ойық, тегіс ұңғылы қаруы бар объектілер:
1) Лауазымды адамдар ("Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы);
2) "Қазпошта" ААҚ;
3) Жергілікті атқарушы органдардың департаменттері мен басқармаларының ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері;
4) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық басқармалары;
5) Балық шаруашылығының облыстық аумақтық басқармалары;
6) Аңшылық балық аулау шаруашылығы;
7) Спорттық мектептер, қоғамдар, клубтар, федерациялар;
8) Инкассациялауды жүзеге асыратын ұйымдар (екінші деңгейлі банктерден басқа);
9) Екінші деңгейлі банктердің инкассациясы;
10) Жеке күзет ұйымдары;
11) Күзетшілерді даярлау жөніндегі арнайы оқу орталықтары;
12) Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті.
2-бөлiм - Тирлер, атыс орындары, аңшылық спорттық стендтер, қару жөндеу шеберханалары, қару, оқ-дәрiлер сататын дүкендер.";
ішке жағы
Тіркеу нөмірі | Кәсіпорын, мекеме, ұйым атауы, ведомстволық тиесілігі (министрлік, ведомство және мекенжайы) | Кімнің атына рұқсат берілді, жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қызметтік телефоны | Рұқсаттың (лицензияның) нөмірі және оның қолданылу мерзімі | Бұйымдардың, заттардың, материалдардың атауы, саны, салмағы | Объектіге қызмет көрсететін УПИ-дың тегі, аты-жөні | Объектінің жабылуы, бұйымдар мен заттарды алу туралы белгі. Анықталған кемшіліктердің мәні және оларды жою үшін белгіленген мерзімдер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 5-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
___________________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
АҚҚАБ объектiсiнiң №_____ бақылау-қадағалау iсi
_____________________ басталды.
(жылы, айы, күнi)
____________________ аяқталды.
(жылы, айы, күнi)
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 6-қосымша |
нысан
Азаматтық және қызметтік қаруды сақтайтын объектілерге арналған бақылау-қадағалау істерін жою актісі
20___ жылғы "___" _________ | ____________ | ||
(елді мекен) |
Мынадай құрамдағы комиссия ____________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
мына объектілерге арналған бақылау-қадағалау істерін жойды:
Р/с № | Заңды тұлғаның (қару иесінің) атауы, қызметтік қаруды сақтауға рұқсаттың нөмірі | Жоюдың негізі (қаруды жоюға арналған актінің нөмірі, күні, қару оған қайта тіркелген заңды тұлғаға берілген қаруды сақтауға рұқсаттың нөмірі, беру күні) | Қаруды сақтауға соңғы рұқсат бойынша қару саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Комиссия мүшелерінің қолдары:
АҚҚАБ қызметкері _____________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Іс жүргізуші ___________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Бастық ________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 7-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ж. "___" __________ | _____________ | ||
(елді мекен) |
Қаруды есепке қоюға арналған № _______ хабарлама
_______________________________________________________ ІІО бастығы
(ішкі істер органының атауы)
_____________________________________________________________________
сақтауға берген_______жылғы "____"__________№_______________рұқсаты бар
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы)
өтініші бойынша _______________________________________________ берілген
(қабылдаушы заңды тұлғаның атауы (заңды тұлғалар үшін)
мынадай қаруды және оның патрондарын есепке қою үшін жолдаймыз
Р/с № | Қарудың атауы | Қару түрі (ойық, тегіс ұңғылы және т.б.) | Қарудың нөмірі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Берілген күннен бастап 7 күн ішінде жарамды.
АҚҚАБ қызметкері _________ (____________________________________)
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Бастық __________ (_____________________________________________)
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
М.О. 20 __ ж. "___"________
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 8-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ж. "_____" _____________ ______________ (елді мекен)
№ __________ ескерту
_________________________________________________________ ІІО бастығы
(ішкі істер органының атауы)
___________________________________________________ өтініші бойынша
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы)
Мынадай қару есепке қойылды
Р/с № | Қарудың атауы | Қару түрі (ойық, гіс ұңғылы және т.б.) | Қарудың № | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
АҚҚАБ қызметкері ______________(____________________________________)
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Сақтауға басқа рұқсаттың берілуіне байланысты көрсетілген қаруды Сіздің ІІО-да
есептен шығаруды сұраймын.
20 __ ж. "___" _________ №______________________________
Бастық __________ (___________________________________________)
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
М.О. 20 __ ж. "___" ____________
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 9-қосымша |
нысан
_______________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
азаматтық қару иелерiн есепке алу кітабы
_____________________ басталды
(жылы, айы, күнi)
____________________ аяқталды
(жылы, айы, күнi)
ішке жағы
Р/с № | Қару иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Тұрғылықты мекенжайы, телефоны | Қарудың маркасы, калибрі, зауыттық нөмірі | Сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың нөмірі | Қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімінің басталуы | Қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы | Қару иесінің тұрғылықты мекен жайы бойынша тексерілген күні | Есептен алу туралы белгі (алған күні, мекенжайы, иесі қай жерге кетті, есептен алу негізі мен күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 10-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
_______________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
Азаматтық қару иесiнiң №_________ жеке iсi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде)
_____________________ басталды (жылы, айы, күнi)
_____________________ аяқталды (жылы, айы, күнi)
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 11-қосымша |
нысан
Азаматтық қару иесінің карточкасы
Тегі _________________________________________________
Аты _________________________________________________
Әкесiнiң аты __________________________________________
Туған жылы, айы мен күнi _______________________________
Туған жерi _________________________________________________________
(облыс, қала (кент), көше атауы, үй және пәтер нөмiрi)
Тіркеу мекенжайы __________________________________________________
(облыс, қала (кент), көше атауы, үй және пәтер нөмiрi)
Нақты тұрғылықты мекенжайы _______________________________________
(облыс, қала (кент), көше атауы, үй және пәтер нөмiрi)
__________________________________________________________________
Телефон нөмiрi ________________ ___________________________________
(берiлген күні, жарамдылық мерзiмi, инспекцияның немесе берiлген аңшылар қоғамының толық
_________________________ №_________________________ рұқсатым бар.
атауы)
Р/с | Қарудын моделі | Қару түрі (ойық, гіс ұңғылы және т.б.) | Калибрі |
Қару | Қаруды сақтауға негіз (№, сатып алуға рұқсат) |
| Сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттың номері |
| Қаруды тіркеуден шығару себептері |
1 | |||||||||
2 | |||||||||
3 | |||||||||
4 |
Ескерту: Карта барлық қару-жарақтарға толтырылады және жаңа бірлікті алуға байланысты толықтырылады.
Р/с | Қарудын моделі | Қарудын номері | Тіркеуден шығару себебі (сату, сыйға тарту немесе жоюға тапсырылған қару) | Шығару негіздері (№, сатып алу, (К)ПБ ТҚеБ қоймасына қабылдау туралы актісі) |
Күні |
Сатуға алынған қаруды тіркеу тізіліміндегі нөмері | Қарудың дүкенге келген күні | Ескерту |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 |
Ескерту: Қару тізілімнен шығарылғаннан кейін (сатылғаннан, сыйға тартылғаннан немесе жою үшін (К)ПБ ТҚеБ қоймасына берілгеннен кейін) толтырылады.
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 12-қосымша |
нысан
__________ қарудың иесін тексеру туралы баянат (қару түрі: ойық, тегіс ұңғылы және т.б.)
Мен (біз) __________________________________________________________
(тексерушінің (лердің) лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілсін)
__________________________________________________________________
қатысуымен _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (қару иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), толық
__________________________________________________________________
мекенжайы көрсетілсін)
АҚҚАБ объектісін тексердім (тексердік) _______________________________
__________________________________________________________________
Бұл ретте мыналар анықталды:
1. Мыналар сақталуда (пайдаланылуда):
Р/с № | Атауы (қару маркасы, түрі, калибрі, патрондар) | Нақты болуы (иә, жоқ) | Тексеру кезіндегі патрондардың саны (дана) |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 |
2.
1) ___________________________ берген жылғы "___" _______ дейін
(ішкі істер органының атауы)
мерзімі бар жылғы "___" ________ № ________________________ рұқсат бар.
2) ___________________________ берген жылғы "___" _______ дейін
(ішкі істер органының атауы)
мерзімі бар жылғы "___" __________ № __________________________ рұқсат бар.
3) ___________________________ берген жылғы "___" _______ дейін
(ішкі істер органының атауы)
мерзімі бар жылғы "___" __________ № __________________________ рұқсат бар.
4) ___________________________ берген жылғы "___" _______ дейін
(ішкі істер органының атауы)
мерзімі бар жылғы "___" __________ № __________________________ рұқсат бар.
5) ___________________________ берген жылғы "___" _______ дейін
(ішкі істер органының атауы)
мерзімі бар жылғы "___" __________ № __________________________ рұқсат бар.
6) ___________________________ берген жылғы "___" _______ дейін
(ішкі істер органының атауы)
мерзімі бар жылғы "___" __________ № __________________________ рұқсат бар.
3. Тексеру нәтижелері:
Қару мен оның патрондары еденге немесе қабырғаға нық бекітілген металл шкафта (сейфте) _______, оның қабырғалаларының қалыңдығы кемінде 3 мм (иә, жоқ)
____, берік ішкі құлпы бар ______, бөгде адамдардың қаруды алуын
(иә, жоқ)
болдырмайтын өзге құрылыста ____, иесінің тұрғылықты тұратын жерінде ____,
(иә, жоқ) (иә, жоқ)
иесінің тұрғылықты жерінен тыс жерде (саяжайларда, бақшадағы үйшіктерде, гараждарда, қораларда, кішкентай вагондарда, күркелерде, шатырлардла және т.б.) _____, жатақханада, уақытша вахталық үй-жайда, туысқандарда, таныстарда(иә, жоқ)
_____, жеке бөлмені бір отбасының мүшелері алған отбасылық жатақханаларда
(иә, жоқ)
_____ сақталады, қару иесінің (иә, жоқ) тұрғылықты жері бойынша қару ішкі
(иә, жоқ)
істер органына уақытша тапсырылған ______, орталықтандырылған бақылау
(иә, жоқ)
пультіне шығаратын_____, дербес _____, GSM ______, сигнализациясы бар,
(иә, жоқ) (иә, жоқ) (иә, жоқ)
сигнализацияның сәйкестік сертификаты ________, сигнализацияның жұмысы
(иә, жоқ)
тексерілген ________ - жұмыс істейді _________.
(иә, жоқ) (иә, жоқ)
Қарудың техникалық жай-күйі:
Тораптар мен бөлшектердің механизмдері жарамды ________, тораптар мен (иә, жоқ)
бөлшектердің құрамдас бөліктері бар ________, сызаттардың, жарықтардың, (иә, жоқ)
коррозиялардың, бақалшақтардың және т.б. болуы ________________________
(толық көрсету)
___________________________________________________________________
_______________________________________________________ бірге тұрады
(тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туысқандық дәрежесін, жасын көрсету)
4. Сақтаудағы (пайдаланудағы) кемшіліктер және оларды жою бойынша
Р/с № | Анықталған кемшіліктер | Оларды жою бойынша ұсыныстар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 2 | 3 |
5. Соңғы тексерістің күні ______________________________________________
6. Иесін тексеру бойынша шешім _______________________________________
(одан әрі пайдалануға және сақтауға рұқсат беру, тыйым салу не сүргі салу
___________________________________________________________________
(нақты қайсысы), шешімнің себебін көрсету)
___________________________________________________________________
Тексерушілердің қолдары: ___________________________________________
Иесінің қолы _______________________________________________________
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 13-қосымша |
нысан
Азаматтық қару иелеріне жеке істерді жою актісі
20___жылғы "___" _________ | __________________ | ||
(елді мекен) |
Мынадай құрамдағы комиссия ______________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Объектілерге арналған бақылау-қадағалау істерін жойды:
Р/с № | Қару иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), азаматтық қаруды сақтауға, сатауға және алып жүруге рұқсаттың № | Жою негізі (қаруды жоюға арналған актінің №, күні, қару қайта тіркелген жеке тұлғаға қаруды сақтауға берілген рұқсаттың №, күні) | Қаруды сақтауға соңғы рұқсат бойынша қару саны |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Комиссия мүшелерінің қолдары:
АҚҚАБ қызметкері _______________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Іс жүргізуші _____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Бастық _________________________________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 14-қосымша |
нысан
Азаматтық қару иелерін тексеру саны (тексерілмегендердің қалдығы) туралы ақпарат
УПП № ______ аумағында ______________________________________
(ішкі істер органының атауы)
_____ азаматтық қару иесі тұрады, олардың пайдалануда _______ бірлік қаруы бар, оның ішінде ______ бірлік ойық ұңғылы, _____ бірлік тегіс ұңғылы, _____ бірлік газды, ______ бірлік электрлік, ______ бірлік лақтырушы және _____ бірлік пневматикалық қару.
Ағымдағы жылдың ________ айында азаматтық қаруды және оған арналған оқ-дәрілерді сақтау қағидаларын сақтау бойынша _______ қару иесіне тексеру жүргізілді, ________ қару иесі тексерілмеген.
Азаматтық қаруды және оған арналған оқ-дәрілерді сақтау қағидаларын бұзудың ______ фактісі, азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзудың _______ фактісі анықталды.
Р/с № | иесінің Т.АӘ | ЖСН | Аты (қарудың, маркасы, түрі, нөмері,калибрі) | Тексеру кезіндегі патрондардың саны (дана) | Анықталған бұзұшылық, хаттама №, күні, ӘҚБтК бабы | Тексеру күні | Ескерту |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 |
(Кестеде есепті кезең ішінде тексерілген азаматтық қарудың барлық иелері көрсетіледі, екі немесе одан да көп қаруға иелік еткен жағдайда, әрбір қару бойынша деректер жеке-жеке толтырылады).
Жауапты УПИ _______________________________________________________;
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 15-қосымша |
нысан
АҚҚАБ объектісін тексеру туралы акті
20_жылғы "____" __________ | ____________________ | ||
(елді мекен) |
Мен (біз), __________________________________________________________
(тексерушінің(лердің) лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсету)
___________________________________________________________________
________________________________________ өкілінің(дерінің) қатысуымен
(ұйымның атауы)
__________________________________________________________________
______________________________________АҚҚАБ объектісін тексердім(дік)
(объектінің атауын көрсету)
Бұл ретте мыналар анықталды:
1. Мыналар
№ р/с | Қарудың маркасы | Қарудың сериясы мен нөмірі | Калибрі | Тексеру жүргізілген кезде болған (иә/жоқ) | ||
арнайы жабдықталған қоймада | орталықтандырылған сақтау пункті | Қызметтік пайдалануға берілді | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
(Патрондар барлық бар қару-жарақ тізбеленіп көрсетілгеннен кейін және әрбір калибр бойынша жеке-жеке көрсетіледі)
сақталуда (пайдаланылуда)
2. __________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ж. "__" ______берген 20__ж. "_"_______ дейінгі мерзімімен №__ рұқсат (лицензия) бар
_______________________________________ жауапты адам болып табылады.
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
3. Тексеру нәтижелері:
__________________________________________________________________
Ескертпе: Жүзеге асырылатын тексеру түрі бойынша тексеру парағының талаптарын көрсету қажет. Көлем үлкен болған кезде жеке қосымша болып ресімделеді, ол актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Артқы жағы
4. Сақтаудағы (пайдаланудағы) кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсыныстар:
Р/с № | Тексеру кезінде анықталған кемшіліктер | Оларды жою бойынша ұсыныстар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
5. Алдынғы тексерудің нәтижелері бойынша ұсыныстарды орындау __________
___________________________________________________________________
(соңғы тексеруді кім жүргізді, ұсыныстар орындалды немесе орындалмады, нақты қайсысы орындалмай қалды)
____________________________________________________________________
6. Объектіні тексеру бойынша шешім ___________________________________
(одан әрі сақтауға және пайдалануға рұқсат беру,
___________________________________________________________________
тыйым салу не сүргі салу (нақты қайсысы),
___________________________________________________________________
шешімнің себебін көрсету)
Тексерушілердің қолдары:
1.__________________________(___________________)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
2.__________________________(___________________)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
3.__________________________(___________________)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Актінің көшірмесін алдым:
1.__________________________(___________________)
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
| Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 16-қосымша |
нысан
АҚҚАБ нысандарын тексеруді тағайындау және нәтижелері туралы актілерді тіркеу журналы
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
_____________________ басталды (жылы, айы, күнi)
_____________________ аяқталды (жылы, айы, күнi)
ішкі жағы
Р/с № | Заңды тұлғаның атауы | БСН | Тексеру күні басталуы | Тексерісті аяқталу куні | Анықталған бұзұшылықтар | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
