"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №375 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 388 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 375 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларындағы:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығын қоспағанда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді."

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ІІО қызметтік көлігі мемлекеттік меншік болып табылады және ұқыпты қарауды және "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 210003 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 бұйрық) белгіленген пайдалану мерзімі ішінде тиісінше пайдалануды талап етеді."

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) автокөлік құралдарын пайдалану және есепке алу электрондық жүйесі – қызметтік автокөлік туралы мәліметтер базасын қалыптастыра отырып, ІІО автопаркін мониторингтеу және басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен."

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) автокөлік құралдарын пайдалану және есепке алу электрондық жүйесінде (болған жағдайда) жұмысты ұйымдастыру."

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) автокөлік құралдарын пайдалану және есепке алу электрондық жүйесінде (болған жағдайда) жұмысты қамтамасыз ету."

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7) автокөлік құралдарын пайдалану және есепке алу электрондық жүйесінде (болған жағдайда) жұмысты қамтамасыз ету."

      12-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын.

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қызметтік көлікті есепке алу бойынша құжаттарды осы Қағидалардың, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 мамырдағы Бюджеттік кодексінің, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 241 бұйрық), "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 209408 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 187 бұйрық) бұйрықтарының, № 223 бұйрығының талаптарына сәйкес ресімдейді және жүргізеді."

      34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 209350 болып тіркелген) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекіткен мерзімдерде және бекітілген заттай нормалар негізінде;"

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. "Әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемесінің қоймаларынан ІІО бөліністеріне көлік құралдарын беру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) басшылығы бекіткен бұйрықтың және наряд-нұсқамалардың негізінде жүргізіледі."

      40-тармақ және 40-тармақтың 1), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қызметтік көлікті пайдалануға енгізу кезінде автокөлік бөлінісі мыналарды автокөлік құралдарын пайдалану және есепке алу электрондық жүйесінде (болған жағдайда) немесе қағаз түрінде рәсімдейді:

      1) автомашинаның деректері;

      берілген мүкаммал нөмірі;

      мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісі көрсетілген автокөлік құралының жеке ісі;

      көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган, немесе жергілікті атқарушы орган құжатының көшірмесі, сондай-ақ балансқа қабылдау, автомашинаны пайдалануға енгізу (ендіру) туралы ІІО-ның ішкі құжаттары қоса тігіледі/орнатылады.

      Қызметтік көлікті ІІО балансынан басқа бөлініске немесе органға беру кезінде келесі баланста ұстау мекемесіне жеке ісі жолданады.

      5) № 187 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес толық материалдық жауапкершілік туралы (типтік) келісім-шарт."

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      52. ІІО қызметтік көлігін пайдаланудың (оның ішінде демалыс және мереке күндері қолдану) тәртібін, гарнизон, аумақ, қызмет көрсететін учаске шегінен қызметтік іссапарларға шығуды, көлік құралдарын сақтауды, олардың техникалық жай-күйін бақылауды, гараждардан, тұрақ орындарынан шығуды және желіден оралуын бақылауды, оталдыру кілттерін және көлік құралдарын тіркеу куәлігін сақтауды, жолдама парақтарын беруді және тапсыруды, ЖЖММ беруді ІІО басшысы белгілейді және бұйрықпен бекітеді.

      Қағидалардың 19-қосымшасы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      _____________________

      2026 жылғы "____" _____

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2026 жылғы "01" 06.
№ 388 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2026 жылғы "_____" ________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер органдары автокөлік
бөліністерінің қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
19-қосымша
У Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
басшылығы
___________________________
(атағы) (Т.А.Ә.)
2 20__ж. "___"_________

Көлік құралдарының штаты


Қызмет атауы

Бюджеттің түрі (РБ,ЖБ)

Көрсеткіштердің атауы мен сандық мағынасы

Тиесілі нормаға сәйкес есептік көрсеткіштері

Көлік құралдарының саны

р/с№

Жеңіл көліктер

Жүк және автобустар базасындағы жедел-қызметтік

Жүк және арнайы автомобильдер

Автобустар

Басқа (мотоциклдер және т.с.с.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      Бастық _________________ ____________________

      (мемлекеттік мекеменің атауы) (атағы) (Т.А.Ә.)

      Қаржы бөлінісінің бастығы ____________________

      (Т.А.Ә.)

      Жеке құраммен жұмыс бойынша бөлінісінің бастығы ____________________

      (Т.А.Ә.)

      Тылмен қамтамасыз ету бөлінісінің бастығы _________________ _

      (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады