"Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. "Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23297 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3, 25-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "

3.

№ 641 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Өтеміс ауылы, Бекбауыл көшесі, құрылыс 7/1, "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Өтеміс ауылы.

      ";

      "

25.

№ 663 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Абай Кунанбаев көшесі, құрылыс 7, ауылдық клубтың ғимараты.
Шекаралары: Ақмешіт ауылы.

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали

      Келісілді

      Целиноград аудандық

      аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______ Айткужина А. А.

      ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады