Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
6-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
10-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алынып тасталсын;
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер, туберкулез) бар адамдарға (отбасыларға) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
8) тармақша алынып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4,5,6,7-баптарында және 8 баптың 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
10), 11) және 14) тармақшалары алынып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
12-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Б. Дүйсембекова |
