"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № А-4/152 қаулысы

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында жалпы алаңы 371 897 гектар жер учаскелерінде, оның ішінде 152 182 гектары Бурабай ауданында, 210 953 гектары Біржан сал ауданында, 8 762 гектары Бұланды ауданында қорғау аймағы, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағы жерлерін шаруашылықаралық жерге орналастырудың бекітілген жобасына сәйкес шекараларда белгіленсін.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады