Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № А-3/117 қаулысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 12 наурыздағы № 03-08-93 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жүйелі тексеру нәтижелері бойынша карантиндік аймақ белгіленген сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы карантиндік объект – жатаған (қызғылт) укекіре анықталмуына байланысты Ақмола облысының аумағындағы келесі аудандардан карантиндік аймақтың күшін жоюды:

      1) Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі, залалданған алаң – 125 гектар;

      2) Егіндікөл ауданы, Алакөл ауылдық округі, залалданған алаң – 86 гектар, Узынкөл ауылдық округі, залалданған алаң – 374 гектар, Бауман ауылы, залалданған алаң – 100 гектар;

      3) Біржан сал ауданы, Макинск аулдық округі, залалданған алаң – 91 гектар;

      4) Есіл ауданы, Бұзылық ауылдық округі, залалданған алаң – 1041 гектар; Красивинский ауылдық округі, залалданған алаң – 472 гектар;

      5) Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, залалданған алаң – 378 гектар, Белағаш ауылы, Жақсы-Державинск автожолы, залалданған алаң – 55 гектар;

      6) Жарқайын ауданы, Львов ауылы, залалданған алаң – 4 932 гектар;

      7) Зеренді ауданы, Зеренді ауылдық округі, залалданған алаң – 80 гектар;

      8) Сандықтау ауданы, Веселов ауылдық округі, залалданған алаң – 2 гектар, Мәдениет ауылы, залалданған алаң – 464 гектар;

      9) Целиноград ауданы, Родина ауылдық округі, залалданған алаң – 300 гектар, Жаңаесіл ауылдық округі, залалданған алаңы –758 гектар;

      10) Шортанды ауданы, Бектау ауылдық округі, залалданған алаңы – 281 гектар.

      2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М. Ахметжанов

  Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/117 қаулысына
1-қосымша
  Акмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

Аудандардың атауы

Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің және ауылдардың атаулары

Залалданған алаң (гектар)

1

Ақкөл

ауылдық округтері: Новорыбин,Урюпин

392

2

Астрахан

ауылдық округтері: Астрахан, Есіл, Ұзынкөл, Николаев, Острогор, Новочеркаск, Первомай;
Каменка ауылы

13 968,7737

3

Атбасар

Атбасар қаласы;
ауылдық округтері: Макеев, Сергеев, Шұңкыркөл, Ярослав;
ауылдар: Бастау, Новосельское

4 268,3489

4

Аршалы

ауылдық округтері: Жібек жолы, Бірсуат, Константинов

960

5

Біржан сал

ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат;
Мамай ауылы

2572

6

Егіндікөл

ауылдық округтері: Алакөл, Жалманқұлақ, Спиридонов, Ұзынкөл;
ауылдар: Абай, Бауман, Буравестник, Егіндікөл

17 851,3

7

Ерейментау

Еркіншілік ауылдық округі

900

8

Есіл

ауылдық округтері: Бұзылық, Двуреченый, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный;
ауылдар: Ақсай, Московский;
Красногорский кенті

20 577,93

9

Жарқайың

Державин қаласы;
ауылдық округтері: Уәлихан, Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный;
ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Үшқарасу, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл

86 838,3

10

Жақсы

ауылдық округтері: Беловод, Жаңа Қийма, Запорожье, Ешім, Калинин, Қызылсай, Тарасов;
ауылдар: Белағаш, Жақсы, Киевское, Новокиенка, Подгорное, Терісаққан

14 239,9536

11

Зеренді

ауылдық округтері: Зеренді, Троицк, Қанай би, Күсеп

2 290

12

Сандықтау

ауылдық округтері: Барақпай, Веселов, Жамбыл, Максимов, Сандықтау, Широков;
Мәдениет ауылы

4 668

13

Қорғалжын

ауылдық округтері: Амангелді, Арықты, Қарашалғын, Кеңбидайық, Қорғалжын, Қызылсай, Майшұкыр

36 998,26

14

Целиноград

ауылдық округтер: Арайлы, Жаңаесіл, Жарлыкөл, Рахымжан Қошқарбаев, Нұресіл, Оразақ, Родина, Софиевка, Шалқар;
ауылдар; Мәншүк Мәметова, Ақмол

36 656,1077

15

Шортанды

ауылдық округтері: Андреевка, Бектау, Бозайғыр, Дамса, Новокубанка, Петровка, Раевка, Новоселовка, Пригородный; Шортанды кенті

19 340,369


Барлығы:


262 521,3429

 
  Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/117 қаулысына
2-қосымша
  Акмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

Аудандардың атауы

Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің және ауылдардың атауы

Залалданған алаң (гектар)

1

Атбасар

Атбасар қаласы

1

2

Есіл

ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Красивинский, Интернациональный, Свободный

45

3

Жақсы

ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай

10,188

4

Жарқайың

Державинск қаласы;
ауылдық округтері: Жаңадала, Отрадный, Пятигор;
ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Далабай

69,3

5

Зеренді

Айдабол ауылдық округі

0,4884

6

Сандықтау

ауылдық округтері: Балқашин, Сандықтау, Широков

6,9

Барлығы:

132,8764

 
  Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ А-3/117 қаулысына
3-қосымша
  Акмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
3-қосымша

Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

Ауданның атауы

Аулдық округтердің атауы

Залалданғаң алан (гектар)

1

Сандықтау

Балкашин аулдық округі

17,5

Белгород аулдық округі

35

Барлығы:

52,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады