"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 12 наурыздағы № 03-08-93 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жүйелі тексеру нәтижелері бойынша карантиндік аймақ белгіленген сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы карантиндік объект – жатаған (қызғылт) укекіре анықталмуына байланысты Ақмола облысының аумағындағы келесі аудандардан карантиндік аймақтың күшін жоюды:
1) Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі, залалданған алаң – 125 гектар;
2) Егіндікөл ауданы, Алакөл ауылдық округі, залалданған алаң – 86 гектар, Узынкөл ауылдық округі, залалданған алаң – 374 гектар, Бауман ауылы, залалданған алаң – 100 гектар;
3) Біржан сал ауданы, Макинск аулдық округі, залалданған алаң – 91 гектар;
4) Есіл ауданы, Бұзылық ауылдық округі, залалданған алаң – 1041 гектар; Красивинский ауылдық округі, залалданған алаң – 472 гектар;
5) Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, залалданған алаң – 378 гектар, Белағаш ауылы, Жақсы-Державинск автожолы, залалданған алаң – 55 гектар;
6) Жарқайын ауданы, Львов ауылы, залалданған алаң – 4 932 гектар;
7) Зеренді ауданы, Зеренді ауылдық округі, залалданған алаң – 80 гектар;
8) Сандықтау ауданы, Веселов ауылдық округі, залалданған алаң – 2 гектар, Мәдениет ауылы, залалданған алаң – 464 гектар;
9) Целиноград ауданы, Родина ауылдық округі, залалданған алаң – 300 гектар, Жаңаесіл ауылдық округі, залалданған алаңы –758 гектар;
10) Шортанды ауданы, Бектау ауылдық округі, залалданған алаңы – 281 гектар.
2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | М. Ахметжанов |
| Акмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № А-3/117 қаулысына 1-қосымша |
|
| Акмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№ | Аудандардың атауы | Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің және ауылдардың атаулары | Залалданған алаң (гектар) |
1 | Ақкөл | ауылдық округтері: Новорыбин,Урюпин | 392 |
2 | Астрахан |
ауылдық округтері: Астрахан, Есіл, Ұзынкөл, Николаев, Острогор, Новочеркаск, Первомай; | 13 968,7737 |
3 | Атбасар |
Атбасар қаласы; | 4 268,3489 |
4 | Аршалы | ауылдық округтері: Жібек жолы, Бірсуат, Константинов | 960 |
5 | Біржан сал |
ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат; | 2572 |
6 | Егіндікөл |
ауылдық округтері: Алакөл, Жалманқұлақ, Спиридонов, Ұзынкөл; | 17 851,3 |
7 | Ерейментау | Еркіншілік ауылдық округі | 900 |
8 | Есіл |
ауылдық округтері: Бұзылық, Двуреченый, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный; | 20 577,93 |
9 | Жарқайың |
Державин қаласы; | 86 838,3 |
10 | Жақсы |
ауылдық округтері: Беловод, Жаңа Қийма, Запорожье, Ешім, Калинин, Қызылсай, Тарасов; | 14 239,9536 |
11 | Зеренді | ауылдық округтері: Зеренді, Троицк, Қанай би, Күсеп | 2 290 |
12 | Сандықтау |
ауылдық округтері: Барақпай, Веселов, Жамбыл, Максимов, Сандықтау, Широков; | 4 668 |
13 | Қорғалжын | ауылдық округтері: Амангелді, Арықты, Қарашалғын, Кеңбидайық, Қорғалжын, Қызылсай, Майшұкыр | 36 998,26 |
14 | Целиноград |
ауылдық округтер: Арайлы, Жаңаесіл, Жарлыкөл, Рахымжан Қошқарбаев, Нұресіл, Оразақ, Родина, Софиевка, Шалқар; | 36 656,1077 |
15 | Шортанды | ауылдық округтері: Андреевка, Бектау, Бозайғыр, Дамса, Новокубанка, Петровка, Раевка, Новоселовка, Пригородный; Шортанды кенті | 19 340,369 |
Барлығы: | 262 521,3429 |
| Акмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № А-3/117 қаулысына 2-қосымша |
|
| Акмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№ | Аудандардың атауы | Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің және ауылдардың атауы | Залалданған алаң (гектар) |
1 | Атбасар | Атбасар қаласы | 1 |
2 | Есіл | ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Красивинский, Интернациональный, Свободный | 45 |
3 | Жақсы | ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай | 10,188 |
4 | Жарқайың |
Державинск қаласы; | 69,3 |
5 | Зеренді | Айдабол ауылдық округі | 0,4884 |
6 | Сандықтау | ауылдық округтері: Балқашин, Сандықтау, Широков | 6,9 |
Барлығы: | 132,8764 | ||
| Акмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № А-3/117 қаулысына 3-қосымша |
|
| Акмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына 3-қосымша |
Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар
№ | Ауданның атауы | Аулдық округтердің атауы | Залалданғаң алан (гектар) |
1 | Сандықтау | Балкашин аулдық округі | 17,5 |
Белгород аулдық округі | 35 | ||
Барлығы: | 52,5 | ||