"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 208 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-бөлімде:

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бюджеттік сұранымды жасау және сүйемелдеу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жиынтық бюджеттік сұранымды жасау және сүйемелдеу";

      2-бөлімде:

      реттік нөмірлері 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Бюджеттік сұранымды жасау және сүйемелдеу

бір бюджеттік бағдарламадағы бір шығыс ерекшелігі

6,0

3

Әскери басқару органы үшін жиынтық бюджеттік сұранымды жасау

бір құрылымдық бөлімшеден бір бюджеттік бағдарламадағы бір шығыс ерекшелігі

5,15

4

Әскери басқару органы үшін бюджеттік сұранымды сүйемелдеу

бір бюджеттік өтінім

40

      ";

      реттік нөмірлері 29, 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 438-нысаны ұзақ мерзімді активтерді шығару және орналастыру бойынша жинақтау ведомосы – 9-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

30

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысаны 326-ОС нысаны айналым ведомосын жасау

бір шартты құжат

0,17

31

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 326-ННҚ нысаны айналым ведомосын жасау

бір шартты құжат

0,17

      ";

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 429-нысаны запастарды қабылдау актісін іске асыру

бір шартты құжат

0,08

      ";

      реттік нөмірлері 45, 46, 47 және 48-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

45

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 398-нысаны азық-түлік өнімінің кірісі бойынша жинақтау ведомостарының жиыны – 11-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,17

46

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 411-нысаны азық-түлік шығысы бойынша жинақтау ведомостарының жиыны – 12-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,17

47

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 396-нысаны материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосы – 13-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,17

48

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 438-нысаны арнайы киімді және басқа да жеке пайдаланудағы басқа да заттарды шығару және орналастыру бойынша жинақтау ведомосы – 10-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,17

      ";

      реттік нөмірі 61-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

61

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары М-17 нысаны қорды қоймада есепке алу кітабына жазба жасау

бір шартты құжат

0,08

      ";

      реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

67

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 453-нысаны мақсатты арналуы бойынша қолма-қол ақшаны пайдалануды бақылау кітабын жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,08

      ";

      реттік нөмірлері 72, 73 және 74-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 381-нысаны Ақылы қызметтер қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, Демеушілік, қайырымдылық көмек қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, Ақша қаражатын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, Жергілікті өзін-өзі басқару қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, Нысаналы қаржыландыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, Сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы шоттарында және арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алудың жинақтау ведомосы – 3-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

73

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 408-нысаны ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосы – 6-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

74

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 408-нысаны аванстық төлемдер тәртібінде есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосы – 7-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

      ";

      реттік нөмірлері 78, 79, 80, 81, 82 және 83-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 381-нысаны кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосы – 1-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

79

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 381-нысаны мемлекеттік мекеменің кодтарында қаражат қозғалысы бойынша жинақтау ведомосы – 2-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

80

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 386-нысаны есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосы – 8-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

81

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 409-б нысаны активтерді басқарудан кірісті аударудың жинақтау ведомосы – 17-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

82

Қалған операциялар және "Түзетпе" операциялары бойынша Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 274-нысаны жеке мемориалдық ордерлерін жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,50

83

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 448-нысаны қатаң есепке алынатын бланкілерді (оның ішінде ақшалай аттестаттарды) есептеу бойынша кіріс-шығыс кітабын жасау және тексеру

бір шартты құжат

0,17

      ";

      реттік нөмірі 185-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

185

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 405-нысаны жалақы мен стипендия бойынша есеп айырысу ведомостарының жиынтығы – 5-мемориалдық ордерді жасау және тексеру

бір шартты құжат

3,30

      ";

      реттік нөмірі 192-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

192

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 441-нысаны депозитке салынған жалақы мен стипендияны талдамалық есепке алу кітабына жазба жасау

бір шартты құжат

0,17

      ";

      реттік нөмірі 196-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

196

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 437-нысаны алиментті өндіріп алу туралы орындаушылық парақты есепке алу кітабына жазба жасау

бір шартты құжат

0,14

      ";

      реттік нөмірлері 199, 200 және 201-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

199

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 451-нысаны міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу карточкасын жасау

бір шартты құжат

0,14

200

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 463-нысаны пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв есебін жасау

бір шартты құжат

0,14

201

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары 285-нысаны айналым ведомосын жасау және тексеру

бір шартты құжат

3,15

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады