Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 506-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1400-01 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымшада:
реттік нөмірлері 7, 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | Радиоарнадағы қызмет (ақпараттық бағдарламаны әзірлеу және орналастыру) (Br) | минут | 15 000 | 15 000 | 15 000 |
8. | Радиоарнадағы қызмет (аудиороликті әзірлеу және орналастыру) (Br) | секунд | 250 | 250 | 250 |
".
2. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулының Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
