"Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 373/48-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 436/56-VIII шешімі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 26 желтоқсандағы № 373/48-VIII шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімге қосымшада:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" деген 1-бөлімде:

      14-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14)

Қалқанша безінің қатерлі ісігі T3N0M0

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Ленватиниб, капсула

Селперкатиниб, капсула

      ";

      16-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

16)

Бүйрек қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Кабозантиниб, капсула

Ленватиниб, капсула

      ";

      32-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

32)

Тұқым қуалайтын ангионеврологиялық ісіну

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Адамның С1-эстераза ингибиторы, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Ланаделумаб, тері астына инъекцияға арналған
ерітінді

      ";

      37-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

37)

Өкпе обыры

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Бригатиниб, таблетка

Атезолизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

Амивантамаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Алектениб, капсула

Селперкатиниб, капсула

      ";

      40-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

40)

Виллебранд ауруы

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Жеке көтералмау-шылық жағдайында

Фанди (біріктірілген Виллебранд факторы және қан ұюының VIII факторы), инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Вилате (біріктірілген Виллебранд факторы және қан ұюының VIII факторы), вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

      ";

      43-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

43)

Жүйелі қызыл жегі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Белимумаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Анифролумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

      ";

      52-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

52)

Нейрофиброматоз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Селуметиниб, капсула

      ";

      53-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

53)

Миастения

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Метилпреднизолон, таблетка

Преднизолон, таблетка

Азатиоприн, таблетка

Микофенолқышқылы, капсула, таблетка

Ритуксимаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

Равулизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

      ";

      63-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "

63)

Спиналды бұлшық ет атрофиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Рисдиплам, ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

      ";

      65), және 66)- жолдармен толықтырылсын:

      "

65)

Акромегалия

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Пегвисомант, лиофилизат тері астына енгізуге арналған ерітінді

66)

Прогрессирующая оссифицикаланатын фибродисплазия

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері

Паловаротен, капсула

      *диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілгеннен кейін.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады