Жаңақала ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 260 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Жаңақала аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Көшкінбаев

  Жаңақала аудан әкімдігінің
2026 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 260 қаулысына қосымша

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифтер

Қызмет түрлері

Лауазымы

Бір қызмет алушыға шаққандағы бір күндік қызметтің құны (теңге)

Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

1

Денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі күнделікті рәсімдерді, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ жеу, ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалу, тістерге немесе жаққа күтім жасау, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалану, тырнақтарын алу, ерлер үшін сақал-мұртын алу сияқты күнделекті тұрмыстық рәсімдерді орындауға кабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

2

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде)

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

3

Қызмет алушылардың отбасы мүшелерін жеке қызмет көрсету және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға үйрету

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

4

Мүгедектігі бар балаларды үйден тыс бір елді мекен шегінде бірге алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

5

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды үйден тыс бір елді мекен шегінде бірге алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

6

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға хат жазу және оқуға көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

503,4

7

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ыстық түскі асты, азық-түлік және азық-түлік емес қажетті заттарды сатып алуға және үйге жеткізуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

8

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тамақ дайындауға көмектесу

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

9

Орталықтандырылған жылу және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үй-жайларда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға пештерді жағуға, отын, көмір және су жеткізуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

10

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға заттарды жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге және оларды кері жеткізу

Әлеуметтік қызметкер

671,2

11

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға киім жууға көмектесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

12

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрғын үй-жайларды жөндеу мен тазалауды ұйымдастыруға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

13

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу

Кеңесші

503,4

14

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

151,75

15

Жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандардың жұмысын үйлестіру, жеке жоспарға сәйкес қызмет көрсетуді бақылау)

Кеңесші

151,75

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

16

Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

17

Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен төлемдердің басқа түрлерін алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға жәрдемдесу

Кеңесші

151,75

18

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

335,6

19

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған және 18 жастан асқан адамдарға қамқорлық жасайтын отбасыларға отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру

Кеңесші

151,75

20

Қызмет алушылардың саны бойынша есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

Кеңесші

151,75

Әлеуметтік-мәдени қызметтер

21

Мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

22

Мерекелер мен демалыс іс-шараларын ұйымдастыру

Кеңесші

151,75

23

Клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

24

Клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

Кеңесші

151,75

25

Қызмет алушыларды бос уақытын өткізуге және мәдени іс-шараларға қатысуға тарту

Әлеуметтік қызметкер

335,6

26

Мәдени іс-шараларға барған кезде қызмет алушыларды алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

Әлеуметтік-құқықтың қызметтер

27

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңнамаға сәйкес заңгерлік консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

503,4

28

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету саласында және әлеуметтiк қамсыздандыру мен көмек алу құқықтарына байланысты мәселелер бойынша заңнамаға сәйкес заңгерлік консультация беру

Кеңесші

151,75

29

Заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

30

Заңды маңызы бар құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Кеңесші

151,75

31

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

32

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе нұқсан келтіретін ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды дайындауға және беруге жәрдемдесу

Кеңесші

151,75

33

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

34

Отбасында қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

35

Отбасында қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу

Кеңесші

151,75

36

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа орналастыруға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

37

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа орналастыруға жәрдемдесу

Кеңесші

303,5

38

Қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

39

Қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу

Кеңесші

151,75

40

Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналарға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ұсыныстарды ресімдеу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

41

Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуден жалтарған ата-аналарға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ұсыныстарды ресімдеу

Кеңесші

151,75

42

Қызмет алушыларға жұмысқа орналасу үшін құжаттарды ресімдеуде, жеке басын куәландыратын құжатты және заңды маңызы бар құжаттарды алуда заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

43

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттан тегін заң көмегін алуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

152,9

44

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттан тегін заң көмегін алуға жәрдемдесу

Кеңесші

151,75

Әлеуметтік-медициналық қызметтер

45

Бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық консультациясына жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

46

Алғашқы медициналық көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

335,6

47

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: алу, сатып алу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

48

Балаларға арналған абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

49

Ересектерге арналған абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

50

Қызмет алушыларды техникалық көмекші (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету

Әлеуметтік қызметкер

335,6

51

Денсаулыққа байланысты процедураларды жүргізу (дәрі-дәрмектерді қабылдау, тамшыларды тамызу және емдеуші дәрігердің нұсқауымен байланысты процедуралар)

Әлеуметтік қызметкер

503,4

52

Емдік дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

53

Балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаждық бақылау

Әлеуметтік қызметкер

503,4

54

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

55

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге көмек көрсету

Кеңесші

910,5

56

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

57

Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту аппаратын алуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

503,4

58

Жасына байланысты бейімделу мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік және медициналық мәселелер бойынша консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

335,6

59

Дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына алып жүру

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

60

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық-санитарлық қызмет көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық ванналар)

Әлеуметтік қызметкер

335,6

61

Оңалту шараларын жүргізуге жәрдемдесу (оңалту қызметтерін алу кезіндегі сүйемелдеу

Әлеуметтік қызметкер

2013,6

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

62

балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды олардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру

Әлеуметтік қызметкер

1006,8

63

Жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың білім алуына жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

64

Ересектерге кәсіптік білім алуға көмектесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

65

Балалар мен 18 жастан асқан адамдарды әлеуметтік дағдылары қалыпты деңгейдегі тұрмыстық және қол шеберлігінің негіздерін, күнделікті және қоғамдық орындардағы мінез-құлықты, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тіршіліктің басқа түрлеріне үйрету

Әлеуметтік қызметкер

335,6

66

Әлеуметтік-педагогикалық консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

335,6

67

Өзін –өзі күту, жеке гигиена, үйде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту қызметтері

Әлеуметтік қызметкер

335,6

68

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдай жасау мәселелері бойынша отбасы мүшелеріне консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

335,6

69

Ата-аналарды немесе отбасы мүшелерін үйде оңалту негіздеріне үйрету

Әлеуметтік қызметкер

335,6

70

Отбасы мүшелерін балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды үйдегі қажетті өмірлік дағдыларға қалыптастыруды үйрету

Әлеуметтік қызметкер

335,6

Әлеуметтік-еңбек қызметтері

71

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік бағдар беру

Әлеуметтік қызметкер

335,6

72

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметкер

335,6

73

Қызмет алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру

Әлеуметтік қызметкер

335,6

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

74

Қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру, белсенді болуға ынталандыру

Әлеуметтік қызметкер

671,2

75

Қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету

Әлеуметтік қызметкер

335,6

76

Әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

Әлеуметтік қызметкер

335,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады