Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 34/3-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577-бабына, 581-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Алтай ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.

      4. "Алтай ауданының мәслихат аппараты" мемлкеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

  Алтай ауданының мәслихатының
2025 жылғы 25 қарашадағы
№ 34/3-VIII шешіміне
1-қосымша

Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

   № р/с

Автотұрақтар (паркингтер)

Санаттар

1

Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтар (паркингтерге), ашық үлгідегі автотұрақтар (паркингтерге)

1- санат

2

Өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар (паркингтерге), өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар (паркингтерге)

2- санат

3

Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер)

3- санат

  Алтай ауданының мәслихатының
2025 жылғы 25 қарашадағы
№ 34/3-VIII шешіміне
2-қосымша

Алтай ауданы аумағында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

    №
р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

Аудандық маңызы бар қалалар (Алтай, Серебрянск)

Кенттер

Ауылдар

1

1-санат

7,24

0,96

0,48

10 есе

2

2-санат

7,24

0,96

0,48

9 есе

3

3-санат

7,24

0,96

0,48

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады