Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 33/8-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы №49/3-VI "Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7904 нөмірімен тіркелген) сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Риддер қаласының елді мекендерінің жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" кодексінің 577-бабында белгіленген:
      1) Риддер қаласының жерлеріне арналған:
      1 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
      2 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
      3 - аймақ бойынша – 30 % - ға арттырылсын;
      4 - аймақ бойынша – 35 % - ға арттырылсын;
      5 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
      6 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
      7 - және 8 - аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;
      2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:
      1 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
      2 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
      3 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
      4 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
      3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:
      1 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
      4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:
      1 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
      5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:
      1 - аймақ бойынша – 40 % - ға арттырылсын.
      Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.
      2. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" кодексінің 578 - бабында белгіленген:
      1) Риддер қаласының жеріне арналған:
      3 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
      6 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын.
      3. Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2020 жылғы 30 қарашадағы №49/5-VI "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7964 нөмірімен тіркелген);
      2) 2022 жылғы 31 тамыздағы №17/2-VІI "Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 29415 нөмірімен тіркелген).
      4. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады