Өскемен қаласының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 3733 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылымның объектілерін, қаланың байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес туысы жоқ адамдарды жерлеу және орындарының зираттарын күтіп-ұстауды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) тұрғылықты жері бойынша қоғамдық орындарда қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) қаланың жергілікті атқарушы органының өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау:

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);

      электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);

      энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);

      әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);

      электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);

      технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);

      электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыс жайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде);

      Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);

      жылу желілерін бүлдiру (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде);

      электр және жылу желілері жолдарының күзет аймақтарында жұмыстар жүргiзу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде);

      орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде);

      жарық беру мақсатында ауыспалы тоқ тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалану түрінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу;

      ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау;";

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес қала жолдарын, көшелерін салу, реконструкциялау, пайдалану, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";

      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн әзiрлеу;";

      мынадай мазмұндағы 47-1), 47-2), 47-3), 47-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "47-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз етеді;

      47-2) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;

      47-3) балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      47-4) әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдаудың тарифтерін есептеу;".

      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады