"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Алтай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныс туралы" Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 376 қаулысы мен Алтай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 19/7-VIII шешімінің, "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 326 қаулысы мен Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/8-VIII шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Алтай ауданы бойынша:
мынадай елді мекендер:
Соловьево ауылдық округінің Ленинск ауылы;
Малеевск ауылдық округінің Ландман ауылы;
Парыгино ауылдық округінің Кутиха ауылы таратылсын және өзге қоныстар санатына енгізілсін;
таратылған ауылдардың аумағы:
Ленинск қонысы Соловьево ауылдық округінің Подорленок ауылының құрамына;
Ландман қонысы Малеевск ауылдық округінің Малеевск ауылының құрамына;
Кутиха қонысы Парыгино ауылдық округінің Парыгино ауылының құрамына енгізілсін;
Шемонаиха ауданы бойынша:
мынадай елді мекендер:
Усть-Таловка кентінің Заречное ауылы;
Каменев ауылдық округінің Рулиха станциясы таратылсын және өзге қоныстар санатына енгізілсін;
таратылған ауыл мен станция аумағы:
Заречное қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Усть-Таловка кентінің құрамына;
Рулиха қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Каменев ауылдық округінің Рулиха ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | Н. Сақтағанов |
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Д. Рыпаков |
