ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық Кодексінің 600 бап, 6-тармағына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауран ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 29 қарашадағы "Сауран ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" №261 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялансын.
| Аудан әкімі | М.Таңғатаров |
| Сауран ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы №266 қаулысына қосымша |
№ | Аймақ атауы | Елді мекеннің атауы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Шорнақ | Шорнақ | 2,35 |
2 | Қосмезгіл | 1,75 | |
3 | Аша | 1,75 | |
4 | Шаға | Шаға | 2,05 |
5 | Бершін төбе | 2,05 | |
6 | Қазақстанның 30 жылдығы | 2,05 | |
7 | Оранғай | Бостандық | 1,75 |
8 | Қосқорған | 1,85 | |
9 | Оранғай | 1,85 | |
10 | Қарашық | Қарашық | 1,95 |
11 | Құмтиін | 1,85 | |
12 | Жүйнек | Жүйнек | 1,95 |
13 | Шыпан | 1,95 | |
14 | Шекербұлақ | 1,95 | |
15 | Жібек жолы | 30 разъезд | 1,85 |
16 | Сауран | 1,85 | |
17 | Жаңа Иқан | Ибата | 1,95 |
18 | Ойық | 1,55 | |
19 | Ескі Иқан | Ескі Иқан | 2,05 |
20 | Мәшһүр Жүсіп | 1,95 | |
21 | Иассы | Еңбекші Диқан | 1,95 |
22 | Шойтөбе | 1,85 | |
23 | Майдантал | Ынталы | 1,95 |
24 | Қаражон | 1,95 | |
25 | Егізқара | 0,80 | |
26 | Үшқайық | Теке | 2,05 |
27 | Нұртас | 2,05 | |
28 | С. Қожанов | 2,05 | |
29 | Жалаңтөс | 2,05 | |
30 | Бабайқорған | Бабайқорған | 1,95 |
31 | Абай | 1,95 | |
32 | Үлгілі | 1,95 | |
33 | Құмайлықас | 1,95 |
