"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде, Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Шолаққорған ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№10 атауы жоқ көшеге – Ақберген Отаров;
№12 атауы жоқ көшеге – Омарбек Дүйсенбеков;
№14 атауы жоқ көшеге – Әшірбек Төребеков.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі | Ж.Тулепбергенов |