Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 145 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы талшықты-оптикалық байланыс желісі бар ені 2 метр, жалпы көлемі 1,2806 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі Ж.Тулепбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады