Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы талшықты-оптикалық байланыс желісі бар ені 2 метр, жалпы көлемі 1,2806 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі | Ж.Тулепбергенов |