Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы Хантағы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 24 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 19, 69 -баптарына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасына сәйкесШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Хантағы елді мекенінен "Талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін" жалпы алаңы 0,3898 га (3898 ш.м.) жер учаскесін осы шешімнің қосымшада көрсетілген меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер учаскесін пайдалану барысында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан келісімдері алынсын.

      3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. "Хантағы ауыл әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Хантағы ауылы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Хантағы ауылының әкімі А.Байбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады