Кентау қаласы, Байылдыр ауылының көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы Байылдыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 24 шешімі

      2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4 тармағына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде және Байылдыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Байылдыр ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қаласы, Байылдыр ауылындағы "М.Кутузов" көшесіне "Әлихан Бөкейхан", "Володарский" көшесіне "Кенесары хан" атауы, "Новостройка" көшесіне "Қажымұқан" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байылдыр ауылы әкімі аппаратының бас маманы М.Шамсутдиновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байылдыр ауылының әкімі Б.Бимухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады