Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 28/160-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 33/193-VIII шешiмi

      Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/160-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6647-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына" деген сөз "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына" сөзіне ауыстырылсын.

      мынадай мазмұндағы 8 тармақ 13) және 14) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "13) мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін мүгедектігі бар адамдарға – екі жылда бір рет 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      "14) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың санаторийлік – курорттық емделу кезінде ілесіп жүретін адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – бір рет 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады