Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 25 шілдедегі №40-01-16/483 хатына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында беліленген тәртіппен :
1) осы қаулымен бекітілген ережені әділет органдарында тіркеуден өткізсін;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін қамтамасыз етсін.
3. Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі №236 "Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырсын.
| Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_28_" __шілде___ №_456_ қаулысына қосымша |
Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер.
1. Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалық, сыртқы (көрнекі) жарнама, өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік сатып алу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады;
2. Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме – мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі №3 ғимарат. Индекс 160100
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері.
13. Мақсаттары:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалық, сыртқы жарнама, өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік сатып алу салаларын басқару болып табылады;
2) Мекеменің басқаруындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
- қалалық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.
- жоғары органдарға қаланың негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
- қала әкімдігіне салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды одан әрі әске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгізуге;
- өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және қала әкімдігіне ұсынуға;
- Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелердің қызметін ұйымдастыруға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
- сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;
- мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелері бойынша отырыстар өткізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) жергілікті, өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қаланың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қала әкімдігінің қарауына енгізеді;
2) объектілер мен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтірілуін, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3) шаруашылық құрылымдық бөлімшелердің, ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқаруды жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте оларды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар дайындайды.
4) Мекеменің құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді;
6) Мекеменің және ведомствоға қарасты мекемелердің жедел басқаруындағы мемлекеттік мүліктің мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
7) экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
8) коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
9) коммуналдық шаруашылықта коммуналдық қызмет көрсетудегі кәсіпкерліктің, бәсекенің және өндірісті монополиясыздандырудың әр түрлі меншік нысандарын дамытуға жағдай жасайды;
10) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну;
11) халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге, жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді, олар бойынша қорытындылар береді және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізеді;
12) коммуналдық қызмет көрсетумен, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен айналысатын барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін өз құзыреті шегінде нұсқау, кеңес беретін және өзге де сипаттағы құжаттар шығарады;
13) коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және қала әкімдігінің қарауына енгізеді;
14) мемлекеттік мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
15) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар, өздері тұрып жатқан тұрғын алаңды жекешелендіруге өтініштер мен құжаттар қабылдайды;
16) тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардан, ұйымдардан, мекемелерден келіп түскен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды, тұрғын үй комиссиясының қарауына тиісті ұсыныстар енгізеді;
17) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша қала әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;
18) белгіленген тәртіппен:
- мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі тұрғын жайларға қоныстану құқығына жалдау шарттарын;
- қызметтік тұрғын жайларын алуға жалдау шарттарын;
- тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шарттарды ресімдеуді жүзеге асырады.
19) тұрғын үй комиссиясының отырыстарына қатысады, бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
20) автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолданумен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
21) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарға қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысады;
22) автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
23) әкімдіктің қаулыларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алудың тапсырыс беруші-ұйымдастырушысы болып табылады;
24) әділет органдарында жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеуді, мүлік және жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуді іске асырады;
25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;
27) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;
28) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
29) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жұмысын ұйымдастырады;
30) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру жұмысын ұйымдастырады;
31) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолданады;
32) жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ жиналыс шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз етеді;
33) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
34) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
35) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркейді;
36) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады;
37) қалада мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мониторинг жүргізу;
38) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу;
39) жеке меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының техникалық паспорттарын тіркеу;
40) Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу;
41) Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі,өкілеттіктері.
16. Мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
17. Мекеменің басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
18. Мекеме басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасын еңбек заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. Мекеме басшысының өкілеттігі:
1) Мекеме қарамағындағы ұйымдардың басшыларын Еңбек заңнамаларына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады:
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
4) бұйрықтарды шығарады және Мекеменің барлық жұмыскері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Мекеме мен ведомстволық бағынысты мекемелері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Мекеме басшысы өз орынбасарының өкілеттігін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.
21. Мекеменің "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады;
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады;
23. Егер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше белгіленбесе, Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1)Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жасыл Арыс" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2)Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арыс қалалық газ-техникалық инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3)Арыс қаласының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.
4)"Ақаба-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
