Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 41 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 14.07.2026 № 14 шешімімен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына және 2025 жылғы 22 желтоқсандағы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының № 9 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Индер ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Индер ауданы әкімінің орынбасары Мурзин Артур Табылдыұлы тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс – шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Нсанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады