Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 554 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындылары негізінде және Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің келесідей көшелеріне қайта атау берілсін:

      1) Кеңөзек ауылдық округінің "Қайнар" шағын ауданындағы № 33 көшесі – "Қуаныш Байтуғанов" көшесі;

      2) Кеңөзек ауылдық округінің "Қайнар" шағын ауданындағы № 21 көшесі – "Маку Санкибаев" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Е. Өтешқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады