"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындылары негізінде және Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің келесідей көшелеріне қайта атау берілсін:
1) Кеңөзек ауылдық округінің "Қайнар" шағын ауданындағы № 33 көшесі – "Қуаныш Байтуғанов" көшесі;
2) Кеңөзек ауылдық округінің "Қайнар" шағын ауданындағы № 21 көшесі – "Маку Санкибаев" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кеңөзек ауылдық округінің әкімі | Е. Өтешқалиев |