Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 247 "Каспий Құбыр Консорциумы-К" акционерлік қоғамына Атырау облысы Атырау қаласы Жылыой, Мақат және Махамбет аудандары аумағында "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 130,3-217,2 (116-204) км учаскесіндегі желілік бөлігінің орналастыру және пайдалану үшін жариялы сервитут белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 114 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 247 "Каспий Құбыр Консорциумы-К" акционерлік қоғамына Атырау облысы Атырау қаласы жылыой, Мақат және Махамбет аудандары аумағында "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 130,3-217,2 (116-204) км учаскесіндегі желілік бөлігінің орналастыру және пайдалану үшін жариялы сервитут белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізілсін:

      2-1- тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын "Каспий Құбыр Консорциумы-К" акционерлік қоғамының "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне белгіленген қауымдық сервитутқа байланысты заң талаптарына сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.".

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады