Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі № 70 қаулысына келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"43) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
"44) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер хаттамаларын жасау және оларды қарау, әкімшілік жазалар қолдану.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркеуші органды заңнамада белгіленген тәртіппен өзгеріс және толықтыру енгізу туралы хабардар етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Степаненко |