Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Айыртау ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-22-21 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 205911 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:
15 реттік нөмірі жолында "Карасевка" сөзі "Қамсақты" сөзіне алмастырылсын;
көрсетілген шешімнің 8-қосымшасында:
8 реттік нөмірі жолында "Карасевка" сөзі "Қамсақты" сөзіне алмастырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Әбілқайырова |
