"Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 78 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы №ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21483 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесінде:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тәуекелі жоғары бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) гемодиализ көмегін көрсететін субъектілер (объектілер);";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тәуекелі орташа бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) кәсіптік патология кезінде медициналық көмек көрсететін субъектілер (объектілер);";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тәуекелі төмен бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады