Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 67/4 "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
"19) Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес ауылда, кентте маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.".
2. "Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
3) осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Шайхимов |
