"Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 131/07 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулы Баянауыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Дисюпова жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі А. Ксентаев

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 22 шілдедегі/
№ 131/07 қаулысымен бекітілді

"Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ) аудандық деңгейде ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мынадай ведомстволары бар:

      1) Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      2) Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300 Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 47 үй.

      10. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ, мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков Баянаульского района".

      12. Баянауыл ауданы әкімдігі атынан "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" ММ "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілермен "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын алға жылжытуға бағытталған іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру;

      2) Баянауыл ауданында қоғамдық-саяси жағдайды мониторингілеу, талдау мен болжау жүйесін, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша ұйымдастыру;

      3) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау;

      4) конфессияаралық келісімді, діни сену бостандығына және аудандағы діни бірлестіктермен өзара әрекет жасау бойынша адам құқықтарын қамтамасыз ету.

      17. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметінің мәні Баянауыл ауданы аумағында ішкі саяси процестерді реттеуге және ішкі саясат және мәдениет саласындағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға, конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) Баянауыл ауданының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалу мониторингін және талдауын қамтамасыз ету бойынша өзара әрекет жасау;

      2) қоғамдық бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, кәсіподақтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, жұртшылық өкілдерін қолдаудың және өзара іс-қимыл жасаудың аудандық инфрақұрылымын дамыту;

      3) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға ықпал ету;

      4) ішкі саясат үдерістерін реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау шараларын әзірлеу, Баянауыл ауданының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша өзара әрекет жасау;

      5) Баянауыл ауданында болып жатқан қоғамдық-саяси, мәдени және тілдерді дамыту саласындағы үдерістер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты мониторингілеу, болжау және объективті зерделену жүйесін ұйымдастыру;

      6) Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы басымдықтарын әзірлеу;

      7) мемлекеттік ішкі саясаттың, мәдениеттің және тілдерді дамыту бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілері мен тапсырмаларының, "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Баянауыл ауданы әкімдігі мен әкімі актілерінің іске асырылу барысын мониторингілеу ;

      8) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;

      9) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық сәйкестікті қалыптастыру және Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтары негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстар жасау;

      10) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

      11) Баянауыл ауданында қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасауға бағытталған социологиялық және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;

      12) Баянауыл ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;

      13) коммуникацияларды, цифрлық индустрияны дамытуды қамтамасыз ету, кең жолақты интернетке қолжетімділік мәселелерін ауылдық және жеке елді мекендерді ескере отырып, даму бағдарламасының басты элементі ретінде түсіндіру және насихаттау;

      14) Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы күрес туралы", "Экстремизмге қарсы күрес туралы", "Діни бірлестіктер мен діни қызметтер туралы", "Мәдениет туралы", "Тіл туралы" Заңдарының және де азаматтардың дін бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асуын қамтамасыз ету;

      15) азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      16) діни сенім бостандығында азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру және діни бірлестіктердің қызметін, кішігірім діни топтар мен миссионерлердің қызметін жүзеге асыру саласында елде болып жатқан үдерістерді жан-жақты және объективті зерттеу, жалпылау және талдау;

      17) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

      18) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуын қамтамасыз ету;

      19) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Баянауыл ауданы әкімінің және әкімдігінің қарауына енгізу;

      1-2) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрау және алу;

      1-3) аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысу;

      1-4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.

      2) міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыруға құқылы;

      2-2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

      2-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

      2-4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге;

      2-5) бөлімнің құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау;

      2-6) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдарының дерекқорына мәліметтер ұсынбағаны немесе дұрыс емес, толық емес мәліметтер ұсынғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      2-7) мемлекеттік органдарда, сотта "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мүдделерін ұсыну;

      2-8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру туралы заңнамасын іске асыру;

      2-9) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      2-10) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ жүргізуге қатысты сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық және өзге де материалдар дайындауды жүзеге асыру, мәдениет, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік орган қызметінің кәсіпорындарын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;

      2-11) жергілікті орындаушы органдар өткізетін шараларға қатысу;

      2-12) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құзырына енетін аудандық бағдарламалардың қаржылануын жүзеге асыру;

      2-13) мәдениет, тілдерді дамыту саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету;

      2-14) қолданыстағы заңды актілермен қарастырылған құқықтарды жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, Баянауыл ауданы әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру;

      2) ішкі саясаттың, мәдениеттің және тілдерді дамытудың негізгі бағыттары бойынша этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

      3) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Баянауыл ауданы әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын дайындау;

      4) қоғамдық-саяси және экономикалық салаларда мемлекеттік билік органдарының қызметі туралы аймақта ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру бойынша Баянауыл ауданы әкімдігінің жұмысына қатысу;

      5) аймақта Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен өзге де стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;

      6) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа салаларда жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысты ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды шығару;

      7) мемлекеттің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің ақпараттық-насихаттау жұмысының қызметі мен барысын үйлестіру;

      8) "Ауданның Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері бойынша құжаттаманы және есепке алуды жүргізеді, куәліктер мен төсбелгілерді дайындайды, ресімдейді және сақтайды;

      9) ауданның этномәдени бірлестіктеріне ұйымдастырушылық, консультативті-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      10) этносаралық қарым-қатынас, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      11) саяси партиялармен, этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өкілеттікті жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және бақылау;

      14) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өкілеттікті жүзеге асыру;

      15) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

      16) мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әдістемелік көмек және қолдану бойынша жұмысты жүзеге асыру және ақпаратты ұсыну;

      17) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ кадрлық жұмысының, кадрлармен қамтамасыз етілуінің күйін талдау;

      18) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      19) Баянауыл ауданы әкімінің тапсырмаларын, әкімдіктің актілерін орындау және ұйымдастыру;

      20) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнату және тұрақты дамыту;

      21) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      22) аймақтағы діни ахуалды зерттеу және талдау, ауданның терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      23) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;

      24) конкурстарды ұйымдастыру және бөлімнің қажеттілігіне тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      25) заңнамамен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      26) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      27) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      28) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      29) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      30) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      31) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      32) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      33) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      34) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

      35) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      36) Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      37) "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-3-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес мандайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңы талаптарына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

      38) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.

3 - тарау. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      22. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      23. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

      6) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      7) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және сол үшін дербес жауапты болады.

      10) "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын сектор меңгерушісіне жүктеледі;

      11) қаржылық және шаруашылық қызметіне, берілген мүліктің тиімді пайдалануына және сақталуына бақылау жасайды.

      24. Құрылтайшы Баянауыл ауданының әкімдігі "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ Ережесін бекітеді, және оған өзгерістер енгізеді, мекеменің құрылымын және басқару органының құрылу тәртібін анықтайды, басшысының міндеттері мен құқықтарын және жауапкершілігін, оны қызметке тағайындау және босату негіздерін белгілейді.

      25. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4-тарау. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мүлік оған мемлекет берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше тармақтармен тармақшаларда қарастырылып көзделмесе, "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      29. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. "Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ тарату кезінде несиегерлердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады