Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 7 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 17.02.2026 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысының 2025 жылғы 19 маусымдағы № 2-06/15 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Каныш Акылбекович Адильжанов тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 19 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады