Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия кезекті отырысының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 11 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы "Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 7 шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |
