Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 417/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 692/8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 417/4 қаулысының 1-қосымшасына өзгерістер енгілсін.

      2. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/2 болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.З. Конротбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Шәріпов

  "Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы
  3 маусымдағы "Ақсу қаласының
  қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
  Ережесін бекіту туралы" № 417/4
  қаулысына өзгерістер енгізу туралы"
  Ақсу қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы "29" қазан
  № 692/8 қаулысына
  қосымша

"Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер тізбесі:

      1. 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/2.

      2. 17-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың мұқтаждығы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды тиімді, заңды және ашық ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

      3. 18-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      құжаттаманы дайындауды, хабарландыруларды орналастыруды, өтінімдерді қарауды, нәтижелерді ресімдеуді, сондай-ақ сатып алу рәсімдеріне қатысушылардың өтініштері мен шағымдарына жауаптар беруді қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру, үйлестіру және өткізу;

      4. 18-тармақтың 26) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығымен ("Отбасы Банк" АҚ) бірлесіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттік тұрғын үйді өткізу бойынша жұмыстар жүргізу;

      5. 18-тармақтың 27) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығымен бөлінген коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

      6. 18-тармақтың 29) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру жөніндегі комиссияны ұйымдастырады;

      7. 22-тармақ алынып тасталсын.

      8. 24-тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады