Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" № 1425/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 2187/2 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 1425/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214496 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қала әкімдігі қаулысының қосымшасында:

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Қала бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеу үшін жиынтық қажеттілік Павлодар қалалық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақыларды төлеу бойынша есептерді ұсынумен қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.".

      2. "Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады