Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 818/2 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 1214/2 қаулысы

      Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 818/2 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      17-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      25) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану;";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;";

      "25-2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалада мандаттық хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;".

      2. "Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады