БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 36-бабының 3-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұнында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 36-бабының 3-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметкерлер мен әскери қызметшілер) кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының (бұдан әрі – кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы) мазмұнын айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-бабының 3-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметкерлер мен әскери қызметшілер) кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын (бұдан әрі – кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы) ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік дайындау жұмысын ұйымдастыру және дайындау мен өткізуді бақылау азаматтық қорғау органдарының кадр қызметтеріне (бұдан әрі – кадр қызметі), ал әскери бөлімдерде – жауынгерлік дайындық бөлімшелеріне жүктеледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кадр қызметі немесе жауынгерлік дайындық бөлімшелері тоқсан сайын азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік дайындау бойынша сабақтар өткізудің тақырыптық жоспарын (бұдан әрі – жоспар) қалыптастырады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Саптық дайындық бойынша практикалық сабақтар нұсқау (тапсырма) бойынша жоспардан тыс үш айда кемінде бір рет өткізіледі:
Министрдің – ТЖМ аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен ТЖМ саптық плацында және азаматтық қорғаныс бөлімшесімен бірге кадр қызметімен өткізіледі;
ТЖД бастығының – ТЖД қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің және білім беру ұйымдарының оқу орталықтарының қатысуымен ТЖД саптық плацтарында және бөлімшесі азаматтық қорғаныс бөлімшесімен бірге кадр қызметімен өткізіледі;
ТЖ(Б)Б бастығының – ТЖ(Б)Б қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен ТЖ(Б)Б саптық плацтарында және ТЖ(Б)Б бастықтары жүргізеді;
ТЖД, ТЖ(Б)Б өрт сөндіру бөлімдері (мамандандырылған), бекеттері мен отрядтары бастығының - осы бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен саптық плацтарда өткізіледі және өрт сөндіру бөлімдерінің (мамандандырылған), бекеттер мен отрядтардың бастықтары өткізеді;
білім беру ұйымы бастығының – білім беру ұйымы қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен білім беру ұйымының саптық плацтарында азаматтық қорғаныс және әскери дайындық кафедрасымен өткізіледі;
әскери бөлімдер командирлерінің – әскери бөлімдер әскери қызметшілерінің қатысуымен әскери бөлімдердің саптық плацтарында және жауынгерлік дайындық бөлімшесімен өткізіледі.
Бұл ретте саптық дайындық бойынша практикалық сабақтардың өткізілуін бақылауды азаматтық қорғау органдарының кадр қызметтері жүзеге асырады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кадр қызметтері немесе жауынгерлік дайындық бөлімшелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу журналын жүргізе отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ұсынылатын материалдардың сапасын және сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кәсіби дене шынықтыру дайындығын:
1) ТЖМ аппараты мен ведомстволарында, ТЖД, ТЖ(Б)Б – кадр қызметі;
2) ТЖД, ТЖ(Б)Б өрт сөндіру бөлімдерінде (мамандандырылған), бекеттері мен жасақтарында – өрт сөндіру бөлімдерінің (мамандандырылған), бекеттері мен жасақтарының бастықтары;
3) әскери бөлімдерде – жауынгерлік дайындық бөлімшесі;
4) ТЖМ білім беру ұйымында – өрт-құтқару және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы ұйымдастырады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарда дене бітімі мен ептілікті сақтау мақсатында кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша дене шынықтыру жаттығулары орындалады.
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша дене шынықтыру жаттығулары осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес айқындалады және жіктеледі.";
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Осы Қағидалардың 22-тармағында санамаланған бөлімшелер (тұлғалар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу журналын жүргізе отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сабақтарға қатысуын бақылауды жүзеге асырады.";
Қағидаларға 2-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Журнал осы Қағидалардың 22-тармағында санамаланған бөлімшелермен (тұлғалармен) жүргізіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оқу жылының соңында журнал осы Қағидалардың 22-тармағында санамаланған бөлімшелерде (тұлғаларда) сақталады.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 104 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 47-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына, 47-2-бабының 2-тармағына, 48-бабының 2-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 47-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына, 48-бабы 2-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттауға жататын азаматтық қорғау органы қызметкерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) Қазақстан Республикасының заңнамасын, қазақ тілін білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының заңнамасын, қазақ тілін білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) өткізудің мақсаты – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының теориялық білімін, қазақ тілін меңгеру деңгейін және логикалық ойлау қабілетін объективті бағалау.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – ТЖД) бастықтарының бірінші орынбасарларының, орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ТЖМ) бастығының орынбасарларының, ТЖМ орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің компьютерлік тестілеуден өтуін ТЖМ орталық аппаратының кадр қызметі ұйымдастырады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын, қазақ тілін білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Қазақ тілін білуге арналған компьютерлік тестілеу 10 сұрақтан тұрады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Компьютерлік тестілеудің жалпы уақыты - 80 минутты құрайды (оның ішінде логикалық тест және қазақ тілін білуге арналған тест).";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 48-бабы 2-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттаудан өту кезінде азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 47-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына, 48-бабы 2-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) бойынша азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) үшін шекті мәндерді айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақ тілін білу және логикалық ойлау қабілеті бойынша компьютерлік тестілеудің шекті мәні белгіленбейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары, кезеңдері және мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары, кезеңдері және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-2-бабының 2-тармағына, 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері және мерзімдерін айқындайды (бұдан әрі – аттестатталатын қызметкерлер).";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте аттестаттау комиссиясы Заңның 50-бабы 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылдаған қызметкерлерге жоспардан тыс аттестаттауды жүргізуге жол берілмейді. Олар аталған шешімдер қабылданғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң жоспардан тыс аттестаттаудан өте алады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Соңғы 3 (үш) жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілетін полиграфологиялық зерттеулерден басқа) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізілген қызметкер әңгімелесу кезеңінен бастап жоспардан тыс аттестациядан өтуге жіберіледі.".
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор |
Ш. Әрінов |
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша дене шынықтыру жаттығулары және олардың жіктелуі
№ | Дене жаттығуларының атауы | Дене жаттығуларының жіктелуі |
1. | Жатып тұрып қолды бүгу | Күш |
2. | Белтемірде тартылу | |
3. | Өз салмағымен отырып-тұру | |
4. | Жатып тіреліп тұру | |
5. | Оң және сол аяққа адым жасау (салмақпен, салмақсыз) | |
6. | Күштік жаттығулар кешені | |
7. | Гир көтеру (жұлқа көтеру, сілке көтеру) | |
8. | 60 және 100 метр қашықтыққа жүгіру | Жылдамдық |
9. | 500 метр қашықтыққа жүгіру | |
10. | Қайтармалы жүгіру | |
11. | Кедергілер арқылы жүгіру (конустар, тосқауылдар) | |
12. | 1000 метр қашықтыққа жүгіру | Төзімділік |
13. | 3000 метр қашықтыққа жүгіру | |
14. | 5000 метр қашықтыққа жүгіру | |
15. | Оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу | Қолданбалы-өрт сөндіру |
16. | Оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне орнатылған жылжымалы саты арқылы көтерілу | |
17. | Ғимарат құрылымына құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен бекіту |
Нысан
Тестілеу нәтижесі | |||||
Қазақстан Республикасы | |||||
Төтенше жағдайлар министрлігі | |||||
Тегі, аты, әкесінің аты: | __________________________________________________ | ||||
Лауазымы: | __________________________________________________ | ||||
Атағы: | __________________________________________________ | ||||
Тесттің атауы | Тесттегі сұрақартардың саны | Дұрыс жауаптардың саны | Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші | Нәтижесі | |
Қазақстан Республикасының Конституциясы | 10 | ________ | ________ | ________ | |
"Құқық қорғау қызметі туралы" Заң | 20 | ________ | ________ | ________ | |
"Азаматтық қорғау туралы" Заң | 10 | ________ | ________ | ________ | |
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң | 10 | ________ | ________ | ________ | |
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі | 10 | ________ | ________ | ________ | |
Қазақ тілін білуі бойынша тест | 10 | ________ | ________ | ________ | |
Логикалық ойлау қаблеті бойынша тест | 10 | ________ | ________ | ________ | |
_______ | |||||
Тестілеуге жауапты адамның қолы: | _______ | ||||
Тестілеуден өтетін адамның қолы: | _______ | ||||
| |||||
Тестілеу куні: __.___.____ | |||||